» » Кент әкімі жастармен кездесті

Кент әкімі жастармен кездесті


Төретам кентінің әкімі Ғалымжан Елеусінов дарынды оқушылармен кездесті.
Кездесу барысында әуелі аймақтық білім мекемелеріндегі он саусағынан өнер тамған, мектеп абыройын асқақтатып жүрген шебер оқушылардың көрмесімен танысты. Көрмеде оқушылар өз қолдарынан шыққан туындыларын паш етті.
Одан әрі кент әкімі қатарының алды саналатын 100-ге жуық дарынды оқушымен еркін форматта кездесуін жалғастырды. Онда барлық қатысушы оқушының жетістіктері айтылды.
Ғалымжан Тәжмағанбетұлы оқушыларға жылы лебізін білдіріп, өмірлік ұстанымы мен мақсатқа жетудің айқын жолын айтып өтті. Оқушылар өз ойларындағы сұрақтарын қойып, кенттің өркендеуіне арналған арнайы ұсыныс-пікірлерін де білдірді. Бірнеше сағатқа созылған кездесуден оқушылар керемет әсер алып, болашаққа деген сенімдерін нығайта түсті. Кеш соңында кент әкімі ҰБТ тапсыратын жоғары сынып оқушыларына сәттілік тілеп, олардың жоғары орындардан көрінетініне сенім білдірді.
"Қт" ақпарат
26 сәуір 2022 ж. 860 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 198
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 39

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031