» » Марал ишан мазарына тазалық жұмыстары жүргізілді

Марал ишан мазарына тазалық жұмыстары жүргізілді


«Ой бренд» қоғамдық қорының және «Demeu» еріктілер тобының ұйымдастырумен Марал ишан мазары аумағына тазалық жұмыстары жүргізілді. Мазар аумағын тазарту, көмек көрсету және қолғабыс ету шараларына волонтерлар мен белсенділер жұмыла тартылды.
«Жүз шайыр шыққан мекенде қасиетті тұлғаларымыздың көп екендігі белгілі. Қазіргі өсіп келе жатқан ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуді қолға алуға тиіспіз. Болашақтың тізгінін ұстайтын жастар өз өңірлерінде қандай тұлғалардың мекен еткенін, халыққа қандай қызмет жасағанын білуге тиіс.» - деді «Ой бренд» қоғамдық қорының Президенті Сабыржан Бахытжанұлы.
«Волонтерлар корпусын жандандыруда ұлттық мұраны сақтау бағытына ерекше назар аударуға тиіспіз. Ауданымызға қарасты жерлерден тарихи тереңде жатқан қаншама тарихи орындарды табуға болады. Өңірінің тарихын біліп өскен жастар туған елге аянбай қызмет етеді. Жастардың, оның ішінде оқушыларға тарихи орындарды таныстыру, экскурсия жасату және белгілі мүмкіндіктерді пайдалану арқылы асыл мұраға бағытталған бейресми білімді үздіксіз беруді ұсынамын.», - деді Qosyl командасының мүшесі, волонтер Нұрасыл Жасұланұлы.
Аталмыш жоба, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы «Даналық» қоғамдық қорының «Birgemiz: Asyl mura» жобасының шағын гранты аясында іске асырылуда.
01 қыркүйек 2022 ж. 943 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 044
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 645

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031