» » Волонтер-медиктердің тобы құрылды

Волонтер-медиктердің тобы құрылды

«Ой бренд» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Saqtansaq saqtaidy» жобасы аясында «Қазыланы қартымыз» әлеуметтік-медициналық көмек көрсету шарасы өткізілді. Жоба аясында волонтерлік қызмет көрсететін волонтер-медиктердің тобы құрылды. Шараға волонтер-медиктермен қатар ауданның белсенді жастары, волонтерлар мен күміс волонтерлар тартылды.
Волонтерлар жалғыз басты қарт кісілердің үйіне мекен-жайлық көмек көрсетті. Қарттардың үй жұмысына қолғабыс ету, ауласын қоқыстардан, шөптерден тазалау сынды жұмыстармен айналысты. Жоба аясында қарттарға медициналық қорапша (аптечка) табысталды. Қорапшада алғашқы жәрдем көрсететін жабдықтар мен дәрі-дәрмектер бар.
Іс-шаралар нәтижесінде қайырымдылықпен, жақсылық жасаумен тұрақты түрде айналысатын волонтер-медиктердің тобы қалыптасты.
«Қарттарымыз асыл қазынамыз. Жалғыз басты қарттарымызға көңіл бөлуді, көмек көрсетуді тоқтатпауымыз қажет. Халқымыз қамқор халық болған. Жәрдем беру біздің ата-бабамыздан бастап қалыптасып қалған ұғым.», - деді «Ой бренд» қоғамдық қорының Президенті Сабыржан Бахытжанұлы.
«Жалғыз басты қарттар да қоғамның бір бөлігі. Оларда көмекті, қолдауды, жәрдемді талап етеді. Волонтерлар корпусын құрып, әлеуметтік саланың волонтерларын жалғыз басты қарттарға тұрақты көмек берушілер ретінде бұруды қажет деп есептеймін.» - деді Qosyl командасының мүшесі, жастар қызметкері Нұрасыл Жасұланұлы.
Аталмыш шара, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы «Қазақстанның медициналық жастары» РҚБ-нің «Birgemiz: Saulyq» жалпыұлттық жобасының шағын гранты аясында іске асырылуда.
10 тамыз 2022 ж. 986 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 739
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 100

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 471

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031