» » Темекінің тауқыметі акциясы

Темекінің тауқыметі акциясы

«Ой бренд» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Saqtansaq saqtaidy» жобасы аясында «Темекінің тауқыметі» акциясы өткізілді. Акцияға ауданның белсенді жастары мен волонтерлері қатысты. Волонтерлер акция асында темекінің зардабы мен зияны бағытында әзірленген үнпарақтар мен брошюраларды халық көп шоғырланатын аумақтарда таратты.
 «Қазіргі таңда жастар арасында темекі пайдаланушылардың деңгейі төмендемей тұр. Жыл сайын шылымның бағасы жоғарылағанымен, сатып алушыларға бұл іс-әрекет кедергі келтірер емес. Кәмелет жасқа толмаған балалар да емін-еркін дүкендерден шылым сатып алғанын кездестіріп жатамыз. Бұл тұста мониторингтік жұмыстар күшейтілсе, жас жеткіншектерге темекі өнімдері сатылмас еді.», - деді «Ой бренд» қоғамдық қорының Президенті Сабыржан Бахытжанұлы.
Аталмыш шара, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы «Қазақстанның медициналық жастары» РҚБ-нің «Birgemiz: Saulyq» жалпыұлттық жобасының шағын гранты аясында іске асырылуда.
10 тамыз 2022 ж. 709 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 876
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 536

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930