» » Психологиялық кеңес беру

Психологиялық кеңес беру

«Ой бренд» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Saqtansaq saqtaidy» жобасы аясында аудан жастарына психологиялық кеңес беру шарасы өткізілді. Шараға кәсіби сала маманы, психолог Әмина Кетебаева қатысып жастарға жеке қабылдаулар өткізді. Жеке қабылдаулар нәтижесінде аудан жастары арасында негізгі проблемалардың туу себептері, салдарлары, шешімдері және болашақта атқарылар жұмыстардың тізбегі әзірленді.
«Жастар арасындағы психологиялық сананы жетілдіруге бағытталған жобалардың саны көбейсе, проблемалардың деңгейі төмендейді. Біз психологиялық ауытқуға алып бара жатқан тұлғалармен бір реттік кездесуді доғарып, ұзақ мерзімді жүзеге асырылатын іс-шаралар кешенін қабылдауымыз керек. Бір шарамен бір уақытта бірнеше адамның жарасын емдеп жазу қиын.», - деді «Ой бренд» қоғамдық қорының Президенті Сабыржан Бахытжанұлы.
«Жастардың психологиялық тұрғыдан санасының төмендігі құлдырауға алып келеді. Проблема дер кезінде көтеріліп, тиісті жұмыстар атқарылса өз өзіңе қол жұмсау сынды деректер мүлде тіркелмейді. Аудандық масштабтағы мәселеге бірнеше мекемелерді жауапты қылып бекіту өте қате қадам. Жұмысымызға жергілікті қауымдастықтарды, мүдделі тараптарды тарту арқылы нәтижеге жылдамырақ жете аламыз.» - деді Qosyl командасының мүшесі, жастар қызметкері Нұрасыл Жасұланұлы.
Аталмыш шара, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы «Қазақстанның медициналық жастары» РҚБ-нің «Birgemiz: Saulyq» жалпыұлттық жобасының шағын гранты аясында іске асырылуда.

10 тамыз 2022 ж. 768 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (10376)

01 ақпан 2025 ж.

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 370
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728