» » Заңгерлік кеңес беру

Заңгерлік кеңес беру

«Ой бренд» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Saqtansaq saqtaidy» жобасы аясында аудан жастарына заңгерлік кеңес беру шарасы өткізілді. Шараға кәсіби сала маманы қатысып жеке қабылдаулар өткізді. Жеке қабылдаулар нәтижесінде аудан жастарының заң бағытында орын алып жатқан мәселелер туралы пікірлері тыңдалды. Жас буынға құмар ойындардың, қаржылық пирамидалардың, букмекерлік кеңселердің алпауыт зардаптары туралы айтылды.
«Білместікпен жасап қоятын достарымыз болады. Олардың басым көпшілігі керемет жарнамаланған ақпараттарға сенім білдіріп, жеңіл табыс табуды көздейді. Зиянды ақпараттар туралы жарияланымдар кең көлемде ақпараттандырылғанымен қате қадам басатын жастардың үлесі азаймауы мүмкін. Бұл тарапта біз қоғамдық орында ғана емес, отбасында да зиянды әрекеттер жайлы жиі айтылатын механизмді ойлап табуға тиіспіз.», - деді «Ой бренд» қоғамдық қорының Президенті Сабыржан Бахытжанұлы.
«Зиянды әрекеттермен айналысатын адам міндетті түрде жан жағындағы адамдарды өз қызметіне тартады және олардың қызығушылығы пайда болады. Қазіргі уақытта түсіндірме жұмыстары жастар көп пайдаланатын әлеуметтік желілер мен пабликтерде жүргізілсе нәтиже көрінуі мүмкін.» - деді Qosyl командасының мүшесі, жастар қызметкері Нұрасыл Жасұланұлы.
Аталмыш шара, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы «Қазақстанның медициналық жастары» РҚБ-нің «Birgemiz: Saulyq» жалпыұлттық жобасының шағын гранты аясында іске асырылуда.

10 тамыз 2022 ж. 1 055 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

№71 (10336)

07 қыркүйек 2024 ж.

№70 (10335)

03 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 449

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30