» » Қорқыт ата кесенесіне экскурсия жасады

Қорқыт ата кесенесіне экскурсия жасады


«Ой бренд» қоғамдық қорының және «Demeu» еріктілер тобының ұйымдастырумен мектеп оқушылары жасындағы балаларға Қорқыт ата кесенесі мен мұражайына экскурсия жасалды. Экскурсия және гид жұмыстарына белсенді волонтерлар ерікті негізде тартылды.
«Қорқыт ата ескерткіші - сәулет өнерінің айрықша үлгісі. Ескерткіште сонау дәуірдегі тарихи деректер сақталып жатыр. Бүкіл қазақ еліне танымал болған Қорқыт атамыз жайлы деректерді барша қазақ білуге тиіс деп есептеймін.» - деді «Ой бренд» қоғамдық қорының Президенті Сабыржан Бахытжанұлы.
«Бізбен бірге экскурсияға келген балалардың басым бөлігі кесенеге келіп көрмеген екен. Сәулет өнерінің айрықша үлгісіне танданыстарын білдірген балалар өз қуаныштарын жасыра алмады. Өз өңіріміздеде осындай ерекше туындының бар екендігіне қуанып, тың деректерді иеленді. Өсіп келе жатқан ұлпақ туған елінің тарихын білуге міндетті. Мектептерде сабақтан тыс қосымша пән ретінде экскурсия жасату жұмыстары енгізілсе, жас ұрпақтың тарихи деректерге қызығушылығы мол болып өсетініне сенемін.», - деді Qosyl командасының мүшесі, волонтер Нұрасыл Жасұланұлы.
Аталмыш жоба, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы «Даналық» қоғамдық қорының «Birgemiz: Asyl mura» жобасының шағын гранты аясында іске асырылуда.
01 қыркүйек 2022 ж. 742 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 222

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 150

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 328

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930