» » ЖАСТАР ЭКСКУРСИЯҒА ШЫҚТЫ

ЖАСТАР ЭКСКУРСИЯҒА ШЫҚТЫ

Жақында жастардың басы бірігіп «Ұлы дала есімдері» атты керуенмен экскурсияға шықты. Мақсат – өткенге көз жүгірту арқылы Қорқыт ата мемориалды кешенімен танысу. Рухани құндылықтарымызды насихаттау, жастар арасындағы достықты нығайтып, өлкетануды дамыту. Экскурсия "Нұр Отан" партиясы Қармақшы аудандық филиалының ұйымдастыруымен партиялық жоба аясында жүзеге асты.
Сағат тілі 16.00-ді көрсетіп тұр. Жанармай бекетіне аялдаған автобусқа жиналғандардың да қарасы қалың. Көңілі шат балаша. Себебі, мұнда келмегендердің қатары басым екен. Әні алыстан менмұндалаған кешен де әсем келбетімен өзіне шақырып тұрғандай. Өткеннің тарихымен бетпе-бет келуге жас жүрек­тердің бұлқынғаны анық байқалады. Тіпті оларға қолайсыз ауа-райы, нұр боп төгілген жауын, Солтүстіктен Оңтүстікке есе соққан жел де әсер ете қоймады. Кешенге келген сайын бірлі-жарым туристерді кезіктіретін ек, бүгінгі экскурсия тым ерек болды. Яки кешеннің алды адамға лық толы. Мұражайына да кіріп-шығу үшін кезекте тұр. Ал амфитеатрда концерттің көкесі болып жатыр екен. Сөйтсек біздегі экскурсия Республикалық олимпиадаға елдің түкпір-түкпірінен келген қонақтармен қабат келіпті. Қызығы сол келген жастардың саны 700-ден жығып-артылады. Жиналған жастар Қорқыт ата кешенімен те­реңірек танысып, концерттік бағ­дарламаны тамашалап, тізілген қараша үйлерге кіріп дәм татты. Оның арасында жастарға қызықты сауалдар қойылып, біліктілік ойыны ұйымдастырылды.
– Шыны керек, алғаш рет келіп тұрмын. Тек Қорқыт ата жайындағы аңызды кітаптан оқыдым. Бүгін мі­не, сәті туып, осында келдік. Қуа­ныш­тымын. Бұл біз үшін қызық­ты күн болды. Өзге қалалардан жаңа дос та тауып үлгердік, – дейді экскурсияға шығушының бірі.
Сондай-ақ, экскурсияда түрлі аңыз-әңгімелер айтылып, мұражайдағы сақталған әрбір заттың шығу тарихы жайында сөз қозғалды.
– Қорқыт Ата ескерткіші – сәулет өнерінің айрықша үлгісі. Кешен Жосалы кентінен 18 км жерде орналасқан. Авторлары – Б.Ыбыраев пен С.Исатаев. Қорқыт Ата ескерткіші темір бетоннан жасалған биіктігі 8 метр, 4 тік стеладан тұрады. Әрбір стела әр тарапқа қаратып тұрғызылған құлпытастарға ұқсайды. Жоғары жағы кеңейе келіп, шөміш пішінінде түйісетін стелалар қобыз бейнесін меңзейді. Түйісер түбіндегі орталық тесігінде 40 металл түтік бар. Олар жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады. Аңыздарда айтылғандай, Қорқыт ата мазарында соққан желге үн қосатын қо­быз қойылған, – дейді Қорқыт ата мемо­риалды кешенінің ғылыми қыз­меткері Айгүл Бермаханова.
Кешеннің іші «Түйе табан» өр­негімен безендірілген. Бұл мәңгілік өмір сырын іздеген Қорқыт атаның киелі желмаясының шартарапқа жол тартқан ізін ишаралайтындай.
– Осындай шараның көп бол­ғаны бізге жақсы. Өткен тарихымызды саралап, аңыздарға саяхат жасағандаймыз. Қуантарлығы экскурсия өз жалғасын табатыны, – дейді №27 мектептің 8-сынып оқушысы Жансая Ібірәгім.
Туған жердің тарихын, тау-тасын біліп өскен жастардың болашағы мол. Ал бұл шарадан жастардың алған әсері үлкен. Олар рухани азық алды. Иә, жастар – қашан да қоғамның қоз­ғаушы күші. Еліне патриот болып, ата-баба салған сара жолмен қадам бас­са – одан асқан бақ та, бақыт та жоқ.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
03 сәуір 2019 ж. 1 057 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031