» » «Тарлан тарих тағылымы»

«Тарлан тарих тағылымы»

«Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалының ұйымдастыруымен «Тарлан тарих тағылымы» партиялық жобасы аясында бір топ жастарды Қазақстан халқының рухани-мәдени құндылықтарымен таныстырып өтті.
Шара барысында №272 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Кунхожаев Самат Халқымыздың ежелгі өмірін егжей-тегжей түсіндіріп, көне жәдігерлерге, киелі орындарға жан-жақты тоқталып өтті.
– Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық құжатында азаматтардың мәдени және руха…ни жаңғыруы жайлы ерекше атап өткен. Жас буынның жан-жақты мәдени сауатын ұдайы жетілдіріп тұру қажет. Олардың бос уақыттарында көркем әдебиет оқуына, мәдени ошақтардың тыныс-тіршілігімен танысуына қолдау көрсету керек. Біз әрдайым партиялық жобаларды басшылыққа ала отырып, осындай іс-шараларды өткізіп тұрамыз. Жастардың патриоттық сезімін қалыптастыру, еліміздің тарихымен жете таныстыру өте маңызды, – деді «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бекпанов Бақытбек.
Өз кезегінде жастар арнайы экскурсия ұйымдастырғаны үшін партиялықтарға алғыстарын білдіріп, еліміздің тарихымен танысу барысында көптеген қажетті ақпарат алғандарын жеткізді.

20 қыркүйек 2018 ж. 1 110 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 797
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 498

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930