» » Тарихи-мәдени мұралар – тарихымыздың тірегі

Тарихи-мәдени мұралар – тарихымыздың тірегі

Ауданда қоғамдық сананы жаңғырту бойынша «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларды іске асыру және ілгерілету бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда, 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай К.Рүстембеков атындағы аудандық «Жыраулар үйінің» ұйымдастыруымен үйірме шәкірттерінің қатысуымен «Тарихи-мәдени мұралар – тарихымыздың тірегі» тақырыбында Қорқыт ата ескерткіш-кешенінде тарихи-тағылымды көрме-экскурсия өткізілді.
Тарихи-танымдық шараның басты мақсаты – «Балалар жылына» орай жас ұрпақ бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. Аудан көлеміндегі ескерткіштер туралы оқушыларға мағлұмат беру, көненің көзі, болашаққа аманат екенін ұғындыру. Жас буынды тәрбиелеуде «патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. Осы ұғым арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, туған өлке туралы түсініктер оқу-тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс-шараларда туған өлкенің тарихын білуге, Отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт-дәстүрді сақтау сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылуда.
«Жыраулар үйінің» маманы А.Скендиров пен «Қорқыт Ата» музейінің қызметкері А.Бермаханова Қорқыт ата, Ақсақ қыз туралы аңызға, ескерткіштерінің тарихы мен экспонаттардың маңыздылығына жеке тоқталып, әрқайсысының тарихымен таныстырды.

20 сәуір 2022 ж. 821 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

№15 (10383)

25 ақпан 2025 ж.

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 431
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31