» » Тарих қойнауындағы тарихи ескерткіштер

Тарих қойнауындағы тарихи ескерткіштер


«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де,
болашақтың дидарын көзге елестету үшін де
кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев
Ауданда қоғамдық сананы жаңғырту бойынша ел Президентінің «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру және ілгерілету бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. К.Рүстембеков атындағы аудандық «Жыраулар үйінің» ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында, кент орталығындағы №121 орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Тарих қойнауындағы тарихи ескерткіштер» тақырыбында тарихи-тағылымды көрме өткізілді.
Көрменің басты мақсаты – жас ұрпақ бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. Аудан көлеміндегі ескерткіштер туралы оқушыларға мағлұмат беру, көненің көзі, болашаққа аманат екенін ұғындыру. Жас буынды тәрбиелеуде «патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. Осы ұғым арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, туған өлке туралы түсініктер оқу-тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс-шараларда туған өлкенің тарихын білуге, Отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт-дәстүрді сақтау сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылуда.
«Жыраулар үйінің» маманы А.Скендиров көрмеде реттілігімен орналасқан әр ескерткішке жеке тоқталып, әрқайсысының тарихымен таныстырды. Жетіасар мәдениетінен табылған керамика сынықтары көрмеге қатысушы оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Мектептің тәлімгері Т.Бұқпанов жетекшілік ететін «Жас ұлан» ұйымының мүшелері түрлі сауалдарға жауап алды. Оларға арнайы дайындалған патриоттық үнпарақтар таратылып, көрмеден көңілді тарқасты.

05 наурыз 2019 ж. 1 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 510

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 582

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031