» » Спорт – сергектік мерекесі

Спорт – сергектік мерекесі

Елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын саланың бірі – ол спорт. Денсаулықтың қадірін ежелден жете түсінген халқымыз, оны басты байлыққа балаған. Осы қағиданы берік ұстанған мемлекетіміз ел халқының ойы сергек, дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауда. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі болып табылады.
Елімізде жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Спортшылар мерекесін атап өту игі дәстүрге айналған. Осыған орай аудандағы орталық стадионда аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов, аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов және спорт саласындағы ардагерлердің қатысуымен салтанатты жиын өтті.
Мерекелік кеште аудан басшысы атаулы сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, қызметтеріне толағай табыс тіледі. Сонымен қатар еліміздің абыройын асқақтатып жүрген аудан спортшыларының жетістіктерін тілге тиек етті.
Биылғы жылы республикалық чемпионаттарда ауданның өрендері 15 алтын, 6 күміс, 15 қола медальға қол жеткізсе, Әлем біріншілігінен 3 алтын, Азия біріншілігінен 3 қола жеңіп алған. Сондай-ақ, Мексика елінде өткен зілтемірден Әлем чемпионатында Ерасыл Сәулебек чемпион атанса, «Қазақстан барысы – 2022» турнирінде Мақсат Исағабылов жеңімпаз атанып, ел мерейін үстем етті. Сонымен қатар бұқаралық спортты дамыту бағытында Жосалы кенті мен Ақай ауылдық округінде спорт кешені салынуда.
Мерекелік шарада туған жеріміздің бұқаралық спортын дамытып, талантты жеткіншектердің айтулы додаларда биіктерден көруіне күш-қайратын салып жүрген жаттықтырушылар мен саңлақтар марапатталса, үздік спортшыларға «Қазақстан Республикасының спорт шебері» куәліктері табысталды. Ал «Алтын күз - 2022» аудандық спартакиадасының қорытындысы бойынша жеңімпаз командаларға арнайы диплом мен кубок табыс етілді.
Кеш соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.
Ерсін ӘЛІБАЙ
23 тамыз 2022 ж. 360 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930