» » ШЕШІМІН ТАППАҒАН ТҮЙІТКІЛ ҚАЛМАЙДЫ

ШЕШІМІН ТАППАҒАН ТҮЙІТКІЛ ҚАЛМАЙДЫ

Біздің мақсатымыз не? Міндетіміз қайсы? Ел іргесі бекем, тірлігі алымды, тынысы кең, бұғанасы қатайған. Өндіріс қуатты. Өлке гүлденген. Бұған дейін қандай ек? Тапқанымызды тартынбай орталыққа жөнелтіп, тірсегімізге сүрінсек те тынымсыз тірлік етіп, советтік идеологияның ізінен еріп келдік. 70 жылдан аса солай еттік. Ел егемендігін алған соң өзімізше даму даңғылын салдық. Елулікті былай қойып, әлемнің аты алысқа шапқан отыздығымен иін тіресуге көштік. Көш жүре түзеледі дегенмен, талай қиын-қыстауды бастан өткеріп, үдемелі индустриялық серпіліспен ілгері оздық. Бұл біздің әңгіме емес, елдің келешегі үшін аянбай еңбек етіп, кешегі үміттен күдік басым тұста ел тұтқасын ұстап, бүгінде жарқын болашақтың кепілі болып жүрген ел ағаларының әңгімесі. Айтса айтқандай, мінберден түсіп, Сыр өңіріне атбасын бұрған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары киелі Қармақшы топырағы табан тіреді. Әуелі түркі әлемінің қазығына айналған Қорқыт бабаның кешеніне тәу еткен Парламент Мәжілісі депутаттарының қосыны аудан активімен Қармақшы аудандық әкімдікте кездесті.
Ел ағалары қосынын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қуаныш Сұлтанов, Мұхтар Ерман, Абай Тасболатов, Бақтықожа Ізмұхамбетов, Геннадий Шиповских бастап, "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев, "Болашақ" университетінің ректоры Бақберген Досмамбетов қоштап келді. Шараның тізгінін алған аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Әділ Қошалақов аудан тыныс-тіршілігіндегі ілкімді істерді баяндай келе, Елбасының сарабдал саясаты негізінде атқарылған маңызды жобаларға тоқталды. Әсіресе, аудандағы мемлекеттік бағдарламалар мен индустриялық-инновациялық жобалар туралы сөз етті.
Күлтөбедегі жиын барысында сөз тізгінін алған Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов тәуелсіздік алғанға дейінгі және егемендік жылдарындағы келелі істерге тоқталды. Тіршілік тоқыраған алмағайып уақыттарда Елбасының ел үшін аянбай еңбек етіп, ел тұтастығы жолындағы елеулі істерін сөз етті.
- Қазақ елінің бізге дейінгі тарихында шекара болмаған. Ат тұяғы жеткен жерді меншіктеп алғанымен, құжат жүзінде, екі елдің басшысының қолы қойылып, ресми реттелген шекара болмады. Міне, тәуелсіз еліміздің шекарасы мығым, тұтастығымыз айқын. Елбасының салиқалы саясатының негізінде біршама асуды алдық. Кешегі әлемді мойындатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрме соның бір дәлелі. Қармақшы бірде-бір бала білімсіз болмасын деген Елбасының саясатын қуаттап отырған өңір. Диірмен төбе ауылына атбасын бұрғанда соған көз жеткіздік. 10-15 түтіні бар ауылда үш-төрт балаға барынша білім берілуде, - деді Қуаныш Сұлтанов.
Парламент Мәжілісі депутаттарының елге келудегі негізгі мақсаты - қайта қаралып жатқан заң-қарарларға ұсыныс жинау. Бұл жайында Сыр өңірінің тумасы Генадий Шиповских мәлім етті.
- Қазір заң шығарушы органның алдында келелі жұмыс тұр. Біршамасын еңсердік. Еліміздің киноиндустрия туралы заңнамасы өзгертуге сұранып-ақ тұр. Заң 6 баптан тұрады. Елбасының мақаласы мен дәстүрлі Жолдауы Қазақстанды әлемге қара алтын және саяси жағдайлармен ғана емес, басқа салалармен де таныту керек екенімізді меңзейді. Қазақ даласы талай тарихи оқиғаның куәсі, қанша өткенді еске салатын орын бар. Одан бөлек табиғаттың тылсым күшін бойына жиған мекен жетерлік. Соларды киноға арқау ету арқылы елдегі туризмді дамытуға болады, - деді Геннадий Геннадийұлы.
"Нұр Отан" партиясының жұмысын жүйелеу, формальды жиындарды азайту, халықпен тығыз байланыс орнату, жылы кабинеттен шығып, ел тіршілігіне етене араласу турасында Парламент Мәжілісінің депутаты Мұхтар Ерман сөз етсе, Бақтықожа Ізмұхамбетов қауіпсіздік мәселесін тілге тиек етті.
- Елбасы айтқандай, Қазақстанның даму қарқынын Сыр өңіріне қарап аңғаруға болады. Қызылорда қаласындағы сол жағалаудың игерілуі, тұрғын үйлердің көптеп салынуы, туу көрсеткішінің арту, бәрі-бәрі елдегі саяси тұрақтылықтың арқасында жүзеге асып жатқан дүние. Сүлейлердің мекені, Алаштың анасы деп танылған бұл өңірдің өсіп-өркендеуінің куәсі болып жүрміз. Рас, елімізде демократияландыру процесі әлі жүріп жатыр. Бағыты жаман емес. Бірақ қауіпсіздік мәселесін назардан шығармауымыз керек. Бір ғана мысал, адам ескі үйде тұра алады, ескі киіммен жүре алады, бастысы үш мезгіл ауқаттануы керек. Демек, азық-түлік қауіпсіздігі аса қажет, - деді Бақтықожа Салахатдинұлы.
Мәжіліс депутаттары назарына бірнеше сауал жолданды. Білім және әлеуметтік жәрдемақылар төңірегінде мәселелер біршама қаузалды. Халық қалаулылары атаулы мәселелерді мінберден көтеруге сөз етті. Себебі, олардың міндеті-ел сөзін билікке жеткізу.
Д.Садық
06 қаңтар 2018 ж. 1 302 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031