» » Мәжіліс депутаттары «Тұлпар – Тальго» зауытының жұмысымен танысты

Мәжіліс депутаттары «Тұлпар – Тальго» зауытының жұмысымен танысты

Жаңа жылдың алғашқы күндерінде Парламент Мәжілісінің депутаттары аймақтардағы өндірістік және әлеуметтік мәдени нысандарды аралауға кірісті.
Ең алдымен олар елордадағы «Тұлпар – Тальго» зауытына барып, жергілікті ұжыммен кездесті. Халық қалаулылары зауыт қызметкерлерінің ұсыныстарын тыңдап, «Рухани жаңғыру», «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру барысымен таныстырды.
2011 жылы ашылған «Тұлпар – Тальго» зауыты жылына 150 вагон шығаруға қауқарлы. Алайда кәсіпорын бұл көрсеткішке әлі қол жеткізген жоқ. Былтыр олардың саны 60-тан сәл асса, биыл 90-ға жуық вагонды рельске қою жоспарда бар. Кәсіпорын қызметкерлерінің айтуынша, өндіріс қуатын арттыру үшін шет мемлекеттермен ынтымақтастық орнатып, отандық өнімді экспорттау керек. Жақында бұл бағытта жұмыс басталып кетті.
Владимир Киселев,«ТұлпарТальго» ЖШС өндірістік директорының орынбасары:
– Былтыр біз Ресейде сертификаттаудан сәтті өтіп, бұрынғы Кеңес одағы республикаларының аумағында еш кедергісіз жүретін болдық. Себебі вагондарымыздың сапасы жоғары. -45, +50 температураға шыдас береді. Жақында Өзбекстанмен меморандум жасасып, оларға 2 пойыз сататын болдық. Сондай-ақ Иранға бір пойызды сынақтан өткізуге жібердік.
2025 жылға дейін ескі вагондардың басым бөлігін жаңарту жоспарда тұр. Бұл пойыздардың іші бұрынғыға қарағанда әлдеқайда кең. Қажетті барлық тетіктерді кәсіпорынның өзі шығаратындықтан, оның бағасы да бәсекеге қабілетті. Бүгін халық қалаулылары өндіріс барысымен танысуға мүмкіндік алды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Осындай территорияны дамыту үшін қауіпсіздік үшін транспорт және коммуникация саласын дамыту керек. Егер пойыздарды экспорттасақ, ол экономикамыздың дамуына үлес қосады. Ол үшін қандай заң керек, осы кәсіпорын басшылығымен талқылап жатырмыз. Өз көмегімізді беруге дайынбыз.
Депутаттар бұл кездесулерді ұйымдастыруды қаңтардың 12-сіне дейін жалғастырмақ. Олар барлық ірі кәсіпорындарды аралап, ұжымдарды алаңдатып отырған өзекті мәселелерді шешуге атсалыспақ ойда.
Авторлары: Дариға Ташенова, Өмірбек Ізімов 
04 қаңтар 2018 ж. 1 335 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 029

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031