» » Дүр Оңғардағы еңбек мерекесі

Дүр Оңғардағы еңбек мерекесі

Күз – жаз бойы ауыр еңбек кешіп, несібесін жерден терген шаруалардың еңбегі бағаланатын шақ. Биыл аудан диқандары ауа-райының қолайсыздығына, су тапшылығына қарамастан облыста үздіктер қатарынан көрінді. Жақында егін шаруашылығы бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізген серіктестіктің бірі –«Жаңажол» ЖШС күзгі мерекесін атап өтті.
«Биылғы көрген қиындығымызды айтып жеткізудің өзі қиын. Мамыр айынан бастап ауа-райы қатты ысыды. Күрішке 30-35 градус температура қолайлы. Ал жазда 50 градустан да асып кетті. Бір жағынан судың жетпеуі, бір жағынан күннің ысуы күрішке көп кедергі келтірді. Бірақ шүкір, қазір өнім жақсы. Ол да бір Алланың бергені шығар. Канал жағалап, жиналыстар жасадық» деп еді серіктестік басшысы, облыстық мәслихат депутаты Орынбасар Төлепов бізге берген сұқбатында. «Көктемнің бір күні жылға азық». Биылғы жылдың қиындығы тіпті бөлек болды дейді мамандар.
 Міне, балапанды күзде санап, қамбаны астыққа толтырған шаруашылық жыл бойғы еңбегінің нәтижесін көріп, жылды қорытындылады. Озаттарды да мадақтады.
Бригадалар бойынша күріштен 71,3 центнерден өнім келтіргені үшін №3 өндіріс бригадасының жетекшісі Сағат Әбжалиев 500 мың теңге сыйлыққа ие болса, №2 бригаданың өндіріс жетекшісі Жалғасбек Әлиев 65,6 центнерден өнім келтіріп 300 мың теңге сыйақы алды. Ал 61,7 центнерден өнім алған №4 өндіріс бригадасының жетекшісі Данияр Нұрмағанбетов 100 мың теңге сыйақы алып, еңбегі еленді. Күріш сушылары бойынша Сәбит Мешітбаев, Алдаберген Сәркенов, Дидар Тарғанов марапат биігінен көрінді. Сонымен қатар комбайн, озат тасымалдаушылар, трактор, бригада механигі, дәнекерлеуші, механизатор, автокөлік жүргізушісі, аспаз, құрылысшы тағы да басқа мамандарға түрлі көлемде сыйақы дайындалып, еңбеккерлердің мерейі арта түсті.
Салтанатты кеште қонақ болған өзге серіктестіктердің басшылары шаруашылыққа сәттілік тілеп, өсіп-өркендеуіне жылы лебізін білдірді. Шара соңында ауыл ақсақалы Серікбай Айманов ақ батасын берді.
Айта кеткен жөн, шаруашылықта күріштен басқа қосалқы өнімдер бар. Олар әртараптандыру жұмысына байланысты жасалып жатқан жұмыстар. Ал ауылға кіреберіс оң жаққа «интенсивный технология» яки тамшылатып суару арқылы 10 гектар жерге алма бағы өсірілмек.

Айнұр ӘЛИ
02 қараша 2021 ж. 411 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031