Берекелі жылдың белесі

Осы орайда бейсенбіде аудандық мәдениет үйінде "Алтын – дән 2020" салтанатты шарасы өтті. Аудан әкімі Мұса Қалдарбеков дала диқандарының еселі еңбегіне алғысын білдіріп, мерекемен құттықтады. – Жасыратыны жоқ, бұл жыл шаруашылықтарға біршама қиындық туғызды. Еліміздегі пандемия жағдайына қарамастан ауыл шаруашылық еңбеккерлері мол өнім алды. Қабылдаған шаралардың нәтижесінде несібені молайтуға арналған диқандардың еңбегі жемісін берді деп нық сеніммен айта аламыз. Бүгінгі ауыл еңбеккерлерінің мерейлі мерекесі құтты болсын, – деді аудан әкімі. Сөз соңында ол алдағы жылға дайындықты ауыл шаруашылығы дақылдарының орналастыру сызбасын осы кезеңнен бастау керегін тілге тиек етті. Сонымен бірге мал азықтық жүгері, жоңышқа дақылдардың көлемін көбейту жөнінде ұсыныс білдірді. Мұнан соң озаттарға аудан әкімінің алғыс хаты табысталды. Бірқатар сала мамандары «Тұрмағамбет» ЖШС директоры Нұржан Пірмантаев, «Ораз ахун ЛТД» ЖШС бас инженері Сәдуақас Өмірқұлов, «Достық Жер МК» ЖШС инженер-механигі Али Искендиров, «Жаңажол» ЖШС бас инженері Бейбіт Тайшиев, «Ақтөбе и К» ЖШС бас маманы Самат Берікбаев, «Аудандық аумақтық инспекциясының» басшысы Аслан Нұрлыбекұлына "Қылышбек Әбішев" атындағы жүлде мен арнайы медаль берілді. «Ақтөбе и К» ЖШС механизаторы Бақытжан Жұмабаев І дәрежелі, «Достық Жер МК» ЖШС механизаторы Закария Арифов ІІ дәрежелі «Ораз ахун ЛТД» ЖШС дәнекерлеушісі Жарқынбек Смайлов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен, «Достық Жер МК» ЖШС егіс сушысы Әбдімәжит Тоғаев ҚР Ауылшаруашылығы Министрлігінің Құрмет грамотасымен наградталды. Ал «Жаңажол» ЖШС төрағасы Орынбасар Төлепов Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің арнайы Алғыс хатын иеленді. Озат шаруа қожалығынан «Дөйт» ШҚ Әбілхайыр Тұрғанбек, «Тұрмағамбет» ЖШС озат бригадирі Аманқос Тоғызбаев, «Ақтөбе и К» ЖШС озат күріш сушысы Басқынбай Қайырқұлов, «Тұрмағамбет» ЖШС озат жаткисі Нұржан Ертаев, «Жаңажол» ЖШС комбайнері Бағдат Берлібаев, «Жаңажол» ЖШС озат астық тасымалдаушысы Айдәулет Мырзабеков, «Тұрмағамбет» ЖШС озат жоңышқа өсірушісі Збайраев Асылбек, «Береке» ШҚ озат картоп, көкөніс және бақша дақылдарын өсірушісі Камил Арифов, «Ақтөбе и К» ЖШС озат агрономы Үсенбек Сәденов, «Достық Жер МК» ЖШС озат су маманы Бауыржан Меңлібаев, «Ораз ахун ЛТД» ЖШС озат инженер-механигі Сәдуақас Өмірқұловтар I дәрежелі дипломды еншіледі. "Озат шаруашылық" номинациясымен "Ақтөбе и К" ЖШС төрағасы Нұрлан Іздібаев, "Достық Жер МК" ЖШС төрағасы Мұрат Сәрсенбаев, "Жаңажол" ЖШС төрағасы Орынбасар Төлеповтер атанса, озат ауыл шаруашылық құрылымы бойынша "Ораз ахун ЛТД" ЖШС төрағасы Жомарт Жалғасбаев, Тұрмағамбет ЖСШ директоры Нұржан Пірмантаевтар арнайы дипломмен марапатталды.
Ақнұр САҒЫНТАЙ