» » Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ауданда

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ауданда

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов жұмыс сапарымен Қармақшы ауданына келді.
Алдымен Жосалы кентіндегі дене шынықтыру және спорт кешенінің құрылыс жұмысымен танысты. Іссапар кезінде аудан басшысы Қайрат Нұртай министр С.Шәпкеновке ауданда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларды таныстырды.
Сондай-ақ, іс-сапар аясында министр С.Шәпкенов аудандық жұмыспен қамту орталығына арнайы келіп, жұмыс барысымен танысып, мамандармен ашық пікірлесті.
Әрі қарай күллі түркі елінің кемеңгер ойшылы «Қорқыт ата» кесенесін зиярат етіп, мемориалдық кешендегі Қорқыт ата мұраларын тамашалады.
Сапар соңында Ақай ауылдық округіндегі көшелердің орташа жөндеу жұмыстарын бақылап, ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.

"Қт" ақпарат

31 қазан 2021 ж. 575 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 022
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 695

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031