» » Ғалымдар дельта штаммның қауіпті мутациясы жайлы ескертті

Ғалымдар дельта штаммның қауіпті мутациясы жайлы ескертті

Кембридждегі Сенгера институтының ғалымы Джеффери Баррет пен Лондон Университеттік колледжінің ғалымы Франсуа Баллу коронавирустың үндістандық штаммының қауіпті мутациясы жайлы ескертті, деп хабарлайды Financial Times басылымы. 

мутация вирус
"Жақында "дельта" генетикалық эволюциясын бақылаған вирусологтар АҮ.4.2 нұсқасын анықтады. Қазір бұл штаммды Ұлыбританияның 10 пайызға жуығы жұқтырған", - делінген мақалада. 
Ғалымдардың ойынша, жаңа мутацияның жұқпалылығы өзгелеріне қарағанда 10-15%-ға жоғары. Егер деректер расталса, АҮ.4.2 нұсқасы пандемия кезіндегі ең жұқпалы коронавирус болмақ. 
Қазір әлемде SaRS-CoV-2 дельта-мутациясы кең тараған. COVID-19 жұқтырғандардың басым бөлігі осы штаммды жұқтырғандар. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы бұл штаммнан да қауіпті нұсқа пайда болмаса, оның алдағы бірнеше айда басымдыққа ие болатынын айтқан еді. 
Қазір вакцина алу коронавирустан қорғанудың тиімді әдісі болып отыр. Сонымен қатар Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы қыркүйектің соңында SaRS-CoV-2-ге қарсы иммунизациядан бас тартқандар арасында өлім санының көбейгенін мәлімдеген болатын. 
22 қазан 2021 ж. 638 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 308
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 837

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930