» » Коронавирустың қай штаммы ең қауіпті саналады?

Коронавирустың қай штаммы ең қауіпті саналады?

Елімізде нигериялық "Ета" штаммына қатысты індеттің жаңа толқыны басталмайды. Бұл туралы профилактикалық медицина академиясының президенті Алмас Шарман айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.



Бұл босаңсуға себеп емес. Өйткені әлемде қауіптілігі жағынан ковидтың "Дельта" штаммынан артық қауіпті мутациясы жоқ.  
“Коронавирустың "Ета" нұсқасы індеттің жаңа толқынына әкеледі, ол өте қауіпті немесе аса жұқпалы деген мазмұнда ақпарат жоқ. Сондықтан бұл штамм дәрігерлерді қауіптендіріп отырған жоқ. Біз қазір "Дельта" штаммымен күресіп жатырмыз. Ол әлдеқайда қауіптірек”, – дейді Алмас Шарман.
"Ета" штаммын жұқтырғандар күрт көбейіп жағдай ушығады деген қауіп жоқ. Әрі қазір елімізде қолданылып жатқан вакциналар індеттің жаңа нұсқасынан да қорғай алады.
Өкініштісі сол,  халықты екпемен қамту деңгейі бізде әлі төмен дейді маман. Ал иммунизациядан өткендер үлесі артқан сайын, вирус күшін жояды.
Сөйтіп ол қарапайым инфекцияға айналып, эндемикалық ауру болып қалып қояды. Сондықтан академик екпе алудың маңызы зор екенін тағы бір еске салды.
26 қыркүйек 2021 ж. 404 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031