» » Коронавирустың қай штамы ең қауіпті саналады?

Коронавирустың қай штамы ең қауіпті саналады?

Елімізде нигериялық "Ета" штамына қатысты індеттің жаңа толқыны басталмайды. Бұл туралы профилактикалық медицина академиясының президенті Алмас Шарман айтты, деп хабарлайды  КТК арнасы.


Бұл босаңсуға себеп емес. Өйткені әлемде қауіптілігі жағынан ковидтың "Дельта" штамынан артық қауіпті мутациясы жоқ.  
“Коронавирустың "Ета" нұсқасы індеттің жаңа толқынына әкеледі, ол өте қауіпті немесе аса жұқпалы деген мазмұнда ақпарат жоқ. Сондықтан бұл штамм дәрігерлерді қауіптендіріп отырған жоқ. Біз қазір "Дельта" штамымен күресіп жатырмыз. Ол әлдеқайда қауіптірек”, – дейді Алмас Шарман.
"Ета" штамын жұқтырғандар күрт көбейіп жағдай ушығады деген қауіп жоқ. Әрі қазір елімізде қолданылып жатқан вакциналар індеттің жаңа нұсқасынан да қорғай алады.
Өкініштісі сол,  халықты екпемен қамту деңгейі бізде әлі төмен дейді маман. Ал иммунизациядан өткендер үлесі артқан сайын, вирус күшін жояды.
Сөйтіп ол қарапайым инфекцияға айналып, эндемикалық ауру болып қалып қояды. Сондықтан академик екпе алудың маңызы зор екенін тағы бір еске салды.
25 қыркүйек 2021 ж. 336 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031