» » «Дельта» штамы жастар арасында көп таралып жатыр – эпидемиолог

«Дельта» штамы жастар арасында көп таралып жатыр – эпидемиолог

Вирус жұқтырғандардың 37%-ы - 20 мен 40 жас аралығындағы алматылықтар. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі басшысының орынбасары Әсел Қалықова өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихаты барысында айтты, деп жазады Egemen.kz.



Эпидемиологтың айтуынша, вирустың «дельта» штамы Ухань штамынан екі есе жұқпалы. Сонымен қатар ауру салыстырмалы түрде ауыр өтеді және бүкіл денеге екі есе тез әсер етеді.
«Соңғы екі апта вирус жұқтырғандарға талдау жасасақ, жасөспірімдердің үлесі 0,7%-ға, ал 40-59 жастағы азаматтар - 0,8%-ға артқанын көрсетті. Негізінен, 20 жастан 40 жасқа дейінгі адамдар арасында вирус жұқтырғандар көбірек - 37%, 40-59 жастағы азаматтар - 25%, 60 жастан асқан адамдар - 19% және 14 жасқа дейінгі балалар - 13% құрап отыр», деді Ә.Қалықова.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары қолда бар вакциналар коронавирустың жаңа нұсқасынан қорғайтынын атап өтті. Сонымен қатар карантин талаптарын қатаң сақтау, бетперде тағу, адам көп шоғырланатын жерге бармау керектігін тағы бір ескертті.
02 тамыз 2021 ж. 757 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 852
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 572

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930