» » "Дельта" штамы - салғырттықты көтермейді

"Дельта" штамы - салғырттықты көтермейді

«Кеселдің алдын - алып, сақтанудың жалғыз жолы - вакцина салдыру. Екпе егу арқылы ғана ұжымдық иммунитет қалыптастырып, дертке қарсы тұра аламыз. Барлықтарыңызды вакцинация алуға шақырамын». Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігері Нұрлан Нүрпейісов баяндады.
- Өткен жылдан бері әлем елдері коронавирус індетімен күресіп келеді. Сақтық шараларына қарамастан, қауіпті кеселді ауыздықтау әлі күнге дейін мүмкін болмай отыр. Оның үстіне, вирустың мутацияланған жаңа түрі "Дельта" штамының қауіптілігі аса жоғары болып отыр. Вирустың бұл түрінің жұғу пайызы жоғары. Яғни, аталмыш дертке шалдыққан науқас бір мезетте ауруды 5-6 адамға жұқтыруы мүмкін. Оның үстіне "Дельта" штамы клиникалық белгісі өте ауыр жағдайда өтеді. Науқастың буындары ауырып, қызуы жоғары болып, құсу және іш ауруы байқалады. Науқас ауруханаға дереу жатқызылып, мамандардың бақылауына алынады. Статистикалық деректерге сүйенсек, "Дельта" штамды жұқтырғандардың басым көпшілігі көз жұмып жатыр. Ауруы асқынғаннан науқастардың құлақ естімей қалу жағдайлары да кездескен,- деді Нұрлан Базарбайұлы.
14 шілде 2021 ж. 583 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 517
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 322

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930