» » Екпеге күмәнмен қарамайық

Екпеге күмәнмен қарамайық

Қазіргі уақытта кеселді жеңудің жалғыз ғана жолы бар. Ол вакцина салдыру. Екпе ектіруге күмәнмен қараудың, бұл процедурадан қорқудың қажеті жоқ. Қазір өңірімізде вакцинаның бірнеше түрі бар. Әр азаматқа таңдау құқығы берілген. Облыс орталығындағы емханалар мен сауда орталықтарында екпе егу пунктері жұмыс жасап жатыр. Кез-келген уақытта барып, екпе ектіруге болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігері Гүлнар Алтынбасова мәлімдеді.- Сіздерді мамандардың кеңесіне құлақ түруге шақырамын. Бүгінгі күні басты мақсат – ұжымдық иммунитет қалыптастыру. Сол кезде ғана біз бұрынғы тіршілігімізге орала аламыз. Өз басым алғашқылардың бірі болып вакцина салдырдым. Препараттың екі компонентінде толық қабылдадым. Бұл шешімім үшін өкінбеймін. Жалпы, қауіпті инфекцияға жасы үлкен адамдар тез шалдығатындығы айтылып жатыр. Мен екпе ектіру арқылы өзімді және де отбасымды дерттен қорғадым деп ойлаймын. Сол себепті барлықтарыңызды вакцина салдыруға шақырамын. Өткен жылдан бері бетперде тағып жүру күнделікті өмірімізге етене еніп кетті. Соның өзінде осы сақтық талабына салғырт қарайтын жерлестеріміз бар. Бұған қоса, әлеуметтік арақашықтықты сақтаудың маңызы зор. Көпшілік жиналатын қоғамдық орындарға бармауға тырысу қажет. Той-томалақтардан да бас тартқан абзал,- деді Гүлнар Жағыппарқызы.
09 шілде 2021 ж. 650 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 356
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 133

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930