» » "Дельта" вирусы жайында

"Дельта" вирусы жайында

ҚАЗАҚСТАНДА ҮНДІ ШТАММЫН (SARS-COV-2-НІҢ ДЕЛЬТА НҰСҚАСЫ) ЖҰҚТЫРҒАНДАР АЛҒАШ РЕТ 21 МАУСЫМДА ЕЛОРДАДА АНЫҚТАЛҒАН БОЛАТЫН. КЕЙІН ВИРУСТЫҢ АЛМАТЫҒА ЖЕТКЕНІ ДЕ ХАБАРЛАНДЫ. «ДЕЛЬТА» ДЕП АТАЛАТЫН БҰЛ ІНДЕТТІҢ БІЗ БІЛМЕЙТІН ҚАНДАЙ ҚАУПІ БАР?
«Дельта» деп аталуына себепші болған COVID-19-дың бұл қос мутациясы осы жылдың наурызында Үндістанда анықталды. Ол коронавирустың антиденелерге төзімділігін арттырады. Сондықтан екпе салдырғандар да COVID-19 жұқтыруы мүмкін. Бірақ ауру жеңіл өтеді дейді мамандар. Өңірде эпид ахуал тұрақты деп бағаланып отыр. Дегенмен босаңсуға болмайды. Өйткені жаңа штаммның қарқыны қатты. Жалпы "Дельта" коронавирус штаммы аса контагиозды және анықталған штамдарға қарағанда жұқпалылығы 60 процентке жоғары. Қазіргі айналымдағы штамдар 1 адамнан орта есеппен 3-4 адамға таралатын болса, бұл штамм 5-6 адамға бірден жұғады. Әрі 7 күнге созылатын қысқа инкубациялық кезеңмен сипатталады. Сонымен қатар, індетті жұқтырғандар буын мен іштің қатты ауырсынуын сезінеді. Жүрек айнып, лоқсиды, ауру салдарынан адам саңырау болып қалуы әбден мүмкін және аяқтардың микротромбозына әкеледі. Індеттің таралуының алдын алу мақсатында барлық профилактикалық іс-шараларды қатаң орындау қажет. Ол әрине, маска тағу, әлеуметік арақашықтықты сақтау, қол гигиенасы, үй-жайларды желдету, адам көп жиналатын жерлерге бармау, шетелдік сапарларды кейінге шегеру.
Ғылыми журналдардағы мәліметтер бойынша, бүгінде Ұлыбританияда «Дельта» штаммы 99 процент көрсеткішпен басым түсіп отыр. Мәскеудегі анықталған штаммдардың 90 проценті «Дельта» штаммы екені хабарланды. Ал Қазақстан үкіметі адамдардың өздерін қорғау және ауру жұқтыру қаупін төмендетудің ең қарапайым әдісі – коронавирусқа қарсы вакцина салдыру екенін жеткізді. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үнді штаммына байланысты халыққа ескерту жасады. Бұл туралы министр үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан болатын.
“Елордада коронавирус жұқтыр­ғандар саны 40 процентке өсті. Осыған байланысты осы аптада өткен аптамен салыстырғанда сыртқаттанушылық саны 4 процентке өсті. Қазақстан бойынша 4,5 миллион екпе салынды. Оның 2,8 миллионы – бірінші, 1,7 миллионы – екінші доза. Елордада “дельта” үнді штаммына ұқсас вирустың анықталғанына байланысты вакцина салу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, карантин талаптарын сақтауды сұраймын” деді министр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, SARS-CoV-2 "Дельта" штамы әлемнің 92 елінде анықталған.
Штамм Уханьда табылған алғашқы штамға қарағанда 2 есе жұқпалы. Егер таралу жылдамдығын ескерсе, коронавирустың «дельта» нұсқасы әлемдегі басым штаммға айналуы мүмкін.
Бұған дейін Қазақстанда тір­кел­гендер расталған болатын. ВАК карантин шектеулерін күшейту туралы шешім шығарды.

Айнұр ӘЛИ

29 маусым 2021 ж. 889 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031