» » Денсаулық сақтау министрі "үнді" штамына байланысты мәлімдеме жасады

Денсаулық сақтау министрі "үнді" штамына байланысты мәлімдеме жасады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үнді штамына байланысты халыққа ескерту жасады. Министр көпшілікті сақтануға шақырды.

Алексей Цой
Бұл туралы министр үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.
“Елордада коронавирус жұқтырғандар саны 40 пайызға өсті. Осыған байланысты осы аптада өткен аптамен салыстырғанда  сырттанушылық саны 4 пайызға өсті. Еліміз “сары” аймақта. Ал Нұр-Сұлтан қаласы “қызыл” аймақта.  Республика бойынша төсек орын сыймдылығы 52 пайызға, жансақтау бөлімдерінде 21 пайызға толды”, – деді министр.
Алексей Цой елордадан үнді штамына ұқсас вирустың анықталғанын айтып, барынша сақтануға шақырды. 
“Қазақстан бойынша 4,5 миллион екпе салынды. Оның 2,8 миллионы - бірінші, 1,7 миллионы – екінші доза. Елордада “дельта” үнді штамына ұқсас вирустың анықталғанына байланысты вакцина салу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, карантин талаптарын сақтауды сұраймын”, – деді Цой. 
"ПТР скринингінің нәтижелері бойынша Нұр-Сұлтан қаласында коронавируспен ауыратын науқастардан алынған оң зертханалық сынамалардан "Дельта" штамына тән мутация ықтималдығы анықталды. Коронавирустың "Дельта" штамы өте жұқпалы және анықталған штамдарға қарағанда 60% -ға тез жұғады, оның инкубациялық кезеңі 7 күнге дейін қысқа.
Соңғы зерттеулер коронавирустың "үнділік" штамы науқас саны және өлім ықтималдылығымен байланысты екенін көрсетті. Бұл кезде жаңа клиникалық белгілер пайда болды - буындар мен іштің қатты ауруы, ішектің көріністері, есту қабілетінің төмендеуі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша SARS-CoV-2 "Дельта" штамы әлемнің 74 елінде анықталды", - деді Цой. 
"Үнділік" штамға тән қолда бар мәліметтерді ескере отырып, аймақтар дәрі-дәрмектермен, желдету аппараттарымен, жеке қорғаныс құралдарымен, қосымша төсек қорымен қамтамасыз етілуі керек. Сонымен қатар жедел жәрдем қызметі мен мобильді топтардың науқастарға медициналық көмек көрсету дайындығын арттыру қажет.
"Республика аумағында қалыптасқан "үнді" штаммының таралуын ескере отырып, өңірлерде тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау үшін жергілікті атқарушы органдар вакцинациялау қарқынын жоғарылатып, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуі керек. Тез арада вакцинациялау қажеттілігі бар және негізгі профилактикалық шараларды, маска режимі, әлеуметтік арақашықтықты сақтау керек", - деді министр Цой.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі айналымда "үнділік" штаммның болу ықтималдылығын анықтады. Мутацияның болуын және оның "Дельта" штаммына жататындығын түпкілікті растау ДНҚ үлгілерін толық геномдық секвенирлеу аяқталғаннан кейін белгілі болады.
22 маусым 2021 ж. 570 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031