» » Үнді вирусынан қаншалықты хабардармыз?

Үнді вирусынан қаншалықты хабардармыз?

Қазақстанда үнді штаммын (SARS-CoV-2-нің дельта нұсқасы) жұқтырғандар алғаш рет 21 маусымда елордада анықталды. Кейін вирустың Алматыға жеткені хабарланды.
«Дельта» деп аталуына себепші болған COVID-19-дың бұл қос мутациясы 2021 жылдың наурызында Үндістанда анықталды. Ол коронавирустың антиденелерге төзімділігін арттырады. Сондықтан екпе салдырғандар да COVID-19 жұқтыруы мүмкін.

Коронавирустың үнді штаммы: белгілері

Үнді штаммын жұқтырған кезде науқастың буындары мен іші қатты ауырып, жүрегі айнып, құсуы мүмкін және бұл дерт кереңдік пен аяқ-қолда қанның ұйып қалына әкелуі ықтимал.
Инфекционист Абдул Гафур вирус жұқтырғандарда диарея жиі байқалатынын айтты. Эпидемияның бірінші толқынында іш өту өте сирек кездескен болатын.
Ресей билігі жаңа мутацияның келесі симптомдарын атады: мұрын біту, тамақтың ауырсынуы, бастың ауыруы.
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин науқастың иіс сезуі нашарламауы мүмкін екенін және бастапқыда оның жағдайы кәдімгі тұмауға ұқсас болатынын айтты. Суық тиюдің алғашқы белгілері пайда болғаннан-ақ үнді штаммының ықтималдылығын жоққа шығармай, тез арада оқшауланып, дәрігер шақыру керек. Себебі жаңа штамм тез асқынады және аса қауіпті.
«Ғылыми журналдардағы мәліметтер бойынша, бүгінде Ұлыбританияда «Дельта» штаммы 99% көрсеткішпен басым түсіп отыр және Мәскеудегі ресейлік әріптестеріміз анықталған штаммдардың 90%-і «Дельта» штаммы екенін хабарлады», – деді Бекшин. 
Қазақстан үкіметі адамдардың өздерін қорғау және ауру жұқтыру қаупін төмендетудің ең қарапайым әдісі – коронавирусқа қарсы вакцина салдыру екенін жеткізді.

Kyzylorda-news.kz
27 маусым 2021 ж. 705 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031