» » Дәрігер коронавирустың бір айда екі рет мутацияға ұшырайтынын айтты

Дәрігер коронавирустың бір айда екі рет мутацияға ұшырайтынын айтты


Коронавирус бір айда кемінде екі рет мутацияға ұшырайды. Бұл туралы Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.



 
Алматы қаласында өткен брифинг кезінде Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман вирустардың мутацияға ұшырауға бейім екенін айтты.
«Вирустар үнемі мутацияға ұшырауға бейім, бұл айына кемінде екі рет мутацияланатын коронаврустарға да қатысты. Вирустар жаратылысынан – паразиттер. Олар иесінен, яғни адамнан тыс өмір сүре алмайды. Вирус жұқтырған адам қайтыс болғанда, онымен бірге вирус та жоғалады. Сондықтан иесінің өлімі вирус үшін тиімді емес. Вирус тірі қалып, адаммен бірге өмір сүрі үшін мутацияға ұшырап отырады. Бұл қалыпты эволюциялық процесс», деді ол.
Оның айтуынша, коронавирус мутациясы жүріп жатыр және ол процесс үнемі болады, нәтижесінде COVID-19-дың маусымдық инфекцияға айналуына әкеледі. Ал вакцинация бұл процесті тек жылдамдатады.
Сонымен қатар профессор профилактикалық шараларды сақтау қажет екенін айтты.
«Бетперде тағу маңызды шара болып саналады. Оны ауызды жауып тұратындай етіп, дұрыс тағу керек. Адамдар көп баратын орындардан, мерейтойлар, үйлену тойлары, еске алу шараларынан аулақ жүру керек. Әсіресе, жабық және аз желдетілетін ғимараттарда өтетін жиындардан сақ болған жөн», деді профессор.


20 желтоқсан 2020 ж. 617 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 008
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 682

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031