» » Коронавирустың жаңа штаммы таралып жатыр – ғалымдар дабыл қақты

Коронавирустың жаңа штаммы таралып жатыр – ғалымдар дабыл қақты

Данияда қаракүзендер жұқтырған коронавирус мутацияға ұшырады. Вирустың жаңа түрі әлдеқайда жылдам таралады, деп мәлімдеді Джордж Мейсон университеті Жүйелі биология мектебінің профессоры Анча Баранова.
"Мутацияға ұшыраған штамм вирусты көп бөледі. Егер бұл инфекция адамдар арасында тарала бастаса, неге әкеп соғуы мүмкін? Былайша айтқанда, "супертаратушылар" көбейеді. Бұл індетке шалдыққандар вирусты өте көп адамға жұқтыруы мүмкін", - деді Баранова.
Ғалымдар жануардан алынған вирустың жаңа штаммы бастапқыдан ерекшеленетінін анықтады.
Биологтың айтуынша, қазір Данияда коронавирус жұқтырған қаракүзендердің ағзасында өзгеріске ұшыраған инфекция туралы ғылыми зерттеу жарияланбақ, деп хабарлайды РИА Новости.
Зерттеушілер COVID-19-бен ауырып шыққан адамдарда пайда болған иммунитет оны қаракүзендер тарататын коронавирустан қорғай алмайды деп санайды. 
Қаракүзендер арасында таралған коронавирус
Данияның премьер-министрі Метте Фредериксен 4 қарашада елдегі бүкіл қаракүзенді қырып тастау қажет екенін мәлімдеді. Айтуынша, олар мутацияланған коронавирусты адамдарға жұқтыруы мүмкін.
Биліктің пайымынша, бұл вирус антиденелердің түзілу процесін баяулатып, COVID-19-ға қарсы вакциналардың тиімділігін әлсіретеді.
Бір аптадан кейін Дания билігі тиісті заң қабылданғанға дейін коронавирусқа байланысты барлық қаракүзенді жоюды талап еткені үшін кешірім сұрады. Алайда адамзатты құтқару үшін оларды қыру идеясынан бас тартқан жоқ.

22 қараша 2020 ж. 668 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10447)

18 қазан 2025 ж.

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 677
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 430

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031