» » Коронавирустың жасырын таратушысы балалар болып шықты

Коронавирустың жасырын таратушысы балалар болып шықты

Балалар коронавирустың жасырын таратушысы болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy  MedicalXpress сайтына сілтеме жасай отырып.

Қытай ғалымдарының мәлімдеуінше, балалар ауру жұқтырған күннің өзінде, оларда инфекция белгілері көп байқала бермейтін көрінеді.    
Мамандар COVID-19 вирусын жұқтырған пациенттермен немесе жұқпалы ауру тіркелген отбасы мүшелерімен тығыз қарым-қатынаста болған  екі жастан 15 жасқа дейінгі 745 баладан алынған деректерге талдау жасапты. Сонда 10 баланың ғана (1,3 пайыз) бойында коронавирус болғаны анықталған, онда да ешқайсында аурудың ауыр белгілері білінбеген. Жетеуінің дене қызуы 39 градустан артық көтерілмеген. 
Ғалымдар кей балалардың тамағы ауырып, жөтеліп, мұрны бітелгенімен, олардың ересек пациенттер секілді бұлшық еттері мен басы ауырмағанын айтады. Көкірек қуысына жасалған рентген нәтижесі көрсеткендей, бірде-бір баладан пенвмония, яғни өкпе қабынуы белгілері көрінбеген. Алайда, балалар ұзақ уақыт бойы өзге балаларға ауру жұқтыра береді екен. Балалардың мұрны мен тамағынан алынған жағындылар талдауы «коронавирус жоқ» деп көрсеткенімен, ауруханадан шығарылғаннан кейін тіпті, 13 күннен соң да үлкен дәреттен алынған сынамалардан вирустың ешқайда жоғалып кетпегені анықталған.    
Соңғы деректерге сүйенсек, әлемде бір тәулік ішінде шамамен, 14 мыңға жуық адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырған, 862 адам көз жұмған. 
18 наурыз 2020 ж. 653 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031