» » Короновирустың белгілері қандай?

Короновирустың белгілері қандай?

ЖОСАЛЫ, 26 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz Ватцап, басқа да әлеуметтік желіде Қытайда шыққан ауру туралы мәліметтер шығып жатыр, арасында толық емес, дұрыс емес те мәлімет бар, деп жазады аудандық орталық аурухана.
Сондықтан толық мәлімет және қалай қорғану туралы қысқаша мәлімет. Қазіргі таңда Қытайда короновирустың жаңа түрі пайда болып, эпидемияның таралуына түрткі болып отыр.
КОРОНОВИРУСТАР - бұл респираторлық синдром және ауыр жіті респираторлық синдром сияқты ауыр жағдайлармен аяқталатын ауруларды тудыратын вирустардың үлкен тобы. Қытайдан анықталған жаңа КОРОНОВИРУС - бұл бұрын адамдарда анықталмаған жаңа штамм. 
КОРОНОВИРУСТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ тұмауға ұқсайды:
- науқас жөтеліп; 
- тұмауратады;
- кеуде қуысы ауырып;
- дене қызуы көтеріледі.
Сондықтан суық тиюдің белгілері байқалған жағдайда өз бетімен емделмей, дереу медициналық көмекке жүгінуді сұраймыз, әйтпесе аурудың барысы нашарлап, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
Қарапайым тазалық ережелерін ұстанып, тұмаудың КОРОНОВИРУСТЫҢ алдын алу бойынша келесі әрекеттерді орындауға кеңес береміз .
✅Тұмауға қарсы егу жасаңыз❗
✅Адамдар көп жиналатын жерлерде және қоғамдық көлікте болу уақытын қысқартыңыз❗
✅Адамдар көп жиналатын жерлерде медициналық бетперде пайдаланыңыз❗
✅Аурудың белгілері бар адамдармен тығыз қарым-қатынас жасамаңыз❗ 
✅Көшеден және қоғамдық көліктен кейін қолды, мұрын қуысын сабынмен мұқият жуыңыз❗
✅Үй-жайда жиі ылғалды тазалау жұмыстарын жасаңыз❗
✅Бөлменің ауасын желдетіп тұрыңыз❗
✅Күнделікті аз мәзірінде С витамині бар өнімдерді мүмкіндігінше көп тұтыныңыз❗
✅Дәрігердің ұсынысы бойынша иммунитетті арттыратын препараттар мен құралдарды пайдаланыңыз❗
✅Салауатты өмір салтын ұстаңыз, теңгерімді тамақтаныңыз және үнемі дене шынықтырумен айналысыңыз❗
✅Аса қажеттілік болмаса Қытай еліне жол сапарды эпидемиялық жағдай жақсарғанға дейін кейінге қалдыруға кеңес береміз❗
✅Қытайда жүрген уақытта немесе ол елден келген кезде респираторлық ауру белгілері пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгініңіз және дәрігерге инфекция таралған аумақта болғандығыңыз туралы хабар беріңіз❗
✅Ауру үй немесе жабайы жануарлармен тығыз қарым-қатынасты болдырмаңыз❗
✅Күдіктенсеңіз тез арада емханаға барыңыз (фильтр бөлмесі кабинетіне)❗ 


26 қаңтар 2020 ж. 2 533 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 181

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 144

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 301

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930