» » Ғалым коронавирустан айыққан адам қандай қиындыққа тап болатынын айтып берді

Ғалым коронавирустан айыққан адам қандай қиындыққа тап болатынын айтып берді


Коронавирус дертімен ауыратын науқастарда өкпенің көлемі кішірейіп, мидың қызметі нашарлайды. Бұл туралы Джордж Мейсон университетінің (АҚШ) жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова айтты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz
.
«Аталған дерттің ауыр түрін бастан өткерген жастар бұдан былай марафонға қатыса алмай, ал қарт адамдар баспалдаққа көтерілген кезде тыныс алудан зардап шегеді. Әрине, осы санаттағылардың бәрі емес», – дейді Баранова.
Сонымен қатар, профессордың айтуынша, коронавируспен ауыр сырқаттанған науқастарда неврологиялық белгілер пайда болады. Егде жастағы адамдарда сана-сезім шатасуы мен бағыттан ауытқушылық белгілері жиі кездеседі.
«Вирустың нейроқабыну жүргізу мүмкіндігі күмән тудырмайды. Оның қанша уақытқа созылатыны және қашан аяқталатыны да қазірше белгісіз. Өйткені, науқастар ауруханадан жазылып шықаннан кейін де, шаршау мен көз алдының тұманданатынын айтуда», – деді Анча Баранова.
Демек, адам сауығып, қалпына келгеннен кейін де аурудың салдары қанша уақытқа созылатыны әлі белгісіз.
16 сәуір 2020 ж. 927 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 772
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 132

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 489

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930