» » Ғалымдар: Науқас емделгеннен кейін де коронавирус ағзада сақталады

Ғалымдар: Науқас емделгеннен кейін де коронавирус ағзада сақталады

Бір топ ғалым Бейжіңдегі медициналық орталықта зерттеу жүргізіп, денеде коронавирустың қанша уақытқа сақталатынын анықтады.

Бұл туралы мәліметтер MedicalXpress журналында жарияланды, - деп хабарлайды Stan.kz.
Ғалымдар 28 қаңтар мен 9 ақпан аралығында емделген Пекин ауруханасындағы 16 науқастың дерегін талдады. Олардың орташа жасы 35,5 жасты құрады. Нәтижесінде ауырған COVID-19-нің жартысында вирус симптомдар жойылғаннан кейін бір күннен сегіз күн аралығында ағзада болатындығы анықталды.
«Зерттеудің ең маңызды нәтижесі аурудың белгілері жоғалғаннан кейін науқастардың жартысының ағзасында вирустың бөлінуі жалғасты», - дейді зерттеу авторларының бірі дәрігер Локеша Шарма.
Ғалымдар науқас емделгенне кейін де карантинді тағы бір-екі аптаға ұзартуға кеңес берді.
Сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінің әлсіз иммундық жүйесі бар егде жастағы науқастарға қатысы бар-жоғы белгісіз екендігі атап өтілді. Дәрігерлер вирустың денеде ұзаққа созылатындығын жоққа шығармайды.
ДДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлем бойынша 570 мыңнан астам адам ауруды жұқтырды, 26,5 мың адам қайтыс болды.


29 наурыз 2020 ж. 998 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 330
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 853

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930