» » Қытай коронавирустың шығу ошағы жайлы жаңа нұсқаны растады

Қытай коронавирустың шығу ошағы жайлы жаңа нұсқаны растады


Қытайдағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығының директоры Гао Фу коронавирустың шығу ошағы туралы жаңа нұсқасын растады. Осыған сәйкес ол коронавирус Ухань қаласындағы базарда пайда болған жоқ деген мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 


covid
"Алдымен біз теңіз өнімдері базарында вирус пайда болуы мүмкін деп ойладық", - дейді ол мәлімдемесінде. Гао базардағы жануарлардан алынған зерттеу нәтижесінде ешқандай вирус табылмады деп түсіндірді. Алайда, олар бірнеше басқа сынамаларда, соның ішінде сарқынды су сынамаларында болды. Осылайша, Гао вирустың Ухань базарында "пайда болғанға дейін болғанын" айтады.
Сонымен қатар, Гао жаңа үлгідегі коронавирус адамдарды жұқтыруы мүмкін өзге коронавирус арасында жетіншісі дейді. "Алайда, бұл вирус басқаларына ұқсамайды", - деді ол.
29 наурызда Қытайдағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары Уханадағы теңіз өнімдері базарында коронавирус шықты деген сөзді жоққа шығарды. Олар вирустың ошағы дп аталған жерден зерттеу жүргізіп, инфекцияның ізін таппады. Дегенмен, вирус адамға жарқанаттардан берілгендігі туралы нұсқа расталды.
31 мамырдағы мәліметтер бойынша, әлемде 6 миллионнан астам коронавирус жұқтырған, олардың 369 мыңнан астамы қайтыс болды, 2,5 миллионнан астам адам емделді. 
31 мамыр 2020 ж. 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (9904)

04 шілде 2020 ж.

№49 (9903)

30 маусым 2020 ж.

№48 (9902)

27 маусым 2020 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
24 маусым 2020 ж. 264

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031