» » Қазақстандағы жанармай нарығының қазіргі жағдайы

Қазақстандағы жанармай нарығының қазіргі жағдайы

Дизель отыны маусымда акциз салығының 540 теңгеден/тоннадан 9300 теңгеге/тоннаға дейін ұлғаюынан және Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстарының тоқтауынан кейін шілде айында жанар-жағармай нарығында тыныштықтың салыстырмалы кезеңі басталды.

Бензин нарығында жағдай тұрақты. Бензинге деген сұраныс пен ұсыныс тепе-тең жағдайда. Биржада бензин сатуға арналған екінші шілде сауда сессиясында бағаның өсуі болмады.
Дизель отынына акциздердің жаңа ставкасы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіліп, Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары қыркүйектің екінші жартысына ауыстырылды. Өз кезегінде бұл, дизельдік отын нарығына айтарлықтай әсер етіп, нарықты қанағаттандыратын бағаның қалыптасуына әкелді.
Акциздік ставканың өзгеруін ескере отырып, бүгінгі күні дизельдік отынның бөлшектеп сату бағасы 200-210 теңге/литрге дейін көтерілетінін болжай аламыз. Бұған мұнай өңдеу зауытынан аймақтардың қандай қашықтықта орналасқаны да ықпал етеді. 
Елдің мұнай өңдеу қуаттары қалыпты режимде жұмыс істейді, дизель отынын өндіру көлемі елдің күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруда. 
Дизель отынын өндірудің орташа тәуліктік көлемі ҚР МӨЗ-де шілдеде 16,7 мың тоннаны, ал жөнелту 15,4 мың тоннаны құрайды.
Шілде айында дизельді отынды тұтынудың күтілетін көлемін және ҚР МӨЗ өндірісінің болжамды көлемін ескере отырып, нарық қажеттілігі 100%-ға қанағаттандырылады, дизельді "артық" көлемде өндіру елде егін жинау науқаны қарсаңында резервтерді қалыптастыруға бағытталады. 
Елімізде жанармай нарығына не әсер етуі мүмкін?
Қазақстанның мұнай өнеркәсібі ОПЕК + келіссөздерінің нәтижелерін күтуде. Бұл биылғы жылдың соңына дейін әлемдік мұнай және мұнай өнімдері нарығындағы болжамдар мен тенденцияларды анықтауға мүмкіндік береді. Келіссөздер процесі нәтижелерінің жоқтығын ескере отырып, өндірістің айтарлықтай өсуіне үміт жоқ және нәтижесінде мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі туралы болжамдар айтылып жатқан жоқ. Әлемнің жетекші агенттіктері қазірдің өзінде келіссөздер процесіне қатысушылар мен мұнай тұтынудың өсуі, сондай-ақ оны өндіруге қатысты шектеулер болмаған кезде мұнай бағасының 100 $/bbl дейін өсуіне болжам жасайды.
Сонымен қатар қазіргі уақытта Қазақстанның ішкі нарығына бензин мен дизель отынын жеткізумен салыстырғанда, мұнай мен мұнай өнімдеріне баға ұсыныстарының жоғарылауы аясында мұнай өнімдерінің (мазуттың) қара сұрыпты экспорттық жеткізілімдерінің экономикалық тұрғыдан жақсаратын жағдай қалыптасқанын ескеру қажет. Яғни мұнай өнімдеріне дүниежүзілік баға белгілеулердің алға жылжығаны соншалық, бүгінде Атырау МӨЗ бензинге қарағанда, мазут шығару тиімдірек болып отыр.
Еліміздің мұнай өңдеу саласы ел Үкіметі бизнестің экономикалық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстанның ішкі нарығын бұзуға жол бермейтінін жақсы түсінеді. Дегенмен, соған қарамастан, мемлекет пен бизнес мүдделері арасындағы тепе-теңдік сақталуы керек.

Stan.kz
09 шілде 2021 ж. 678 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 371
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 147

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930