» » Жанармай неге тапшы?

Жанармай неге тапшы?

Еліміздегі барлық БАҚ Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы жанармай құю бекеттерінде дизель отыны тапшы болып жатқаны жайында жарысып жазып жатыр. Негізінде Шымкенттің аумағында бүтін бір үлкен аймақты жанармаймен қамтамасыз етуге шамасы жететін қазіргі заманғы мұнай өңдеу зауыты бар емес пе? Мәселе неде? Бұл туралы мұнай және газ нарығы бойынша сарапшы Ерлан Жаукин inbusiness.kz порталына айтып берді. 


Жанармай тапшылығының түп себебі 2021 жылдың қаңтарында басталды. Нақтырақ айтсақ, Атырау облысына KEGOC энергиясын жеткізуде қиындықтар туындады. Бұл жағдай Атырау мұнай өңдеу зауытында бензин мен дизель отынының өндірісіне айтарлықтай әсер еткен бірқатар апатты тудырды. Осының салдарынан сәуір айында Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болды. 
Наурыздың аяғынан сәуірдің аяғына дейінгі кезеңде күрделі жөндеу үшін Шымкент мұнай өңдеу зауытын жоспарлы тоқтату көзделді. Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңарту аяқталғаннан кейін 2021 жылдың наурызында 3 жылдық жөндеу циклына көшірілгенін атап өткен жөн. 
Қорытынды қандай? Атырау мұнай өңдеу зауытының жоғары сұранысқа ие бензин мен дизельдік отын өндірісінің едәуір төмендеуі, сондай-ақ  бұл  зауытты жоспардан тыс жөндеу қажеттілігінің туындауынан, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі наурыз-сәуір айында жоспарланған Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмысын кейінге қалдырды. Нақтырақ айтсам, жоспарланған мерзімді кейінге қалдыруға мәжбүр болды. Ал, еліміздегі жанар-жағармай материалдарына сұраныс салыстырмалы түрде 20% -ға өсіп жатыр.   
Бөлшек сауда нарығының ірі қатысушылары сұраныс жоғары болатын маусымда қалыпты жағдайда өткізу үшін дизель отыны қорын жасауды дер кезінде қамтамасыз етті. Ал тауар қорын тек  2-3 аптаға ғана жасайтын жергілікті бөлшек сауда мұндай қарқында жұмыс істей алмады. 
Шымкент МӨЗ жөндеу жұмыстарын аяқтады және 18 маусымнан бастап дизель отынын қайта жеткізе бастады. Еліміздің оңтүстігінде дизель тапшылығы басылып, қалпына келеді. 
Осы жағдайды саралай отырып, тап осындай жағдайға әкелетін әртүрлі қатерлерді болдырмаудың алдын алуға шара қолдануды ойлайтын болсақ, дизель отынын құятын тиейтін бос вагон жоқ екен көреміз. 
Дизельдік отынның нақты тәуліктік өндірісі ҚР МӨЗ-де 15,5-16,0 мың тонна деңгейінде болған кезде, нақты жөнелту көлемі 15,0 мың тоннаға жетеді. Бүгінде дизель отынын тиеуге арналған бос вагон тапшы. Алайда  республиканың барлық аймақтарында бос вагондар қаңтарылып тұр. 
Кейбір аймақтарда 200-ге дейін бос цистерналарды байқауға болады. Қазақстан Теміржол "локомотив тартуының" жоқтығын алдыға тартады, яғни іс жүзінде бос вагондарды жинап, оларды зауытқа тиеуге жіберуге арналған локомотивтердің саны жеткіліксіз. 
Соңғы жылдары  республикаішілік және транзиттік теміржол тасымалының едәуір өсуін байқауға болады, алайда теміржол жүк пойыздарының тоқтаусыз қозғалысына қызмет ету үшін өндірістік қуаты жоқ. 
Бұл "ҚТЖ" ҰК" АҚ локомотив паркінің жеткіліксіздігін, көлемнің ұлғаюы жағдайында физикалық тозуын және ескіруін де білдіруі мүмкін. 
Бүгін мұнай өңдеу саласында цистерналар тапшылығы мәселесі туындады, ертең дәл осындай проблема ел экономикасының кез-келген саласында алға шығуы мүмкін.
24 маусым 2021 ж. 567 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031