» » Тіршілік нәрімен қамтыған ұжым

Тіршілік нәрімен қамтыған ұжым

Сізге сауал болсыншы... Ауыз суға қаншалықты үнемшілсіз? Ойланбадыңыз, солай ғой? Себебі үйде тәулік бойы тоқтаусыз ағып тұрған таза суымыз мұндай сауалға ойландырмады. Күрмеуі қиын тоқсаныншы жылдардан алыстап, ауылымызда ауыз судың мәселесі шешілгелі таза суға деген құрметіміз бен үнемшілдігіміз қалып бара жатқандай. Сөкті дей көрмеңіз. Қайбір күні әлеуметтік желіден ХХІ ғасырдың он жаһандық қатеріне енген суретті көзіміз шалды. Ішуге жаңбыр суын жинаған Мяньма тұрғындары мен Африкада ақаба суды талғажау еткен кішкентай баланың картинасы жанға ой салды. Ғалымдардың тұжырымынша, планетадағы 70 процент судың 3 проценті ғана ішуге жарамды деп есептейді.  Тіпті 2025 жылға қарай бұл мәселе алдыңғы қатардан орын алуы мүмкін деп болжауда.

Жақсы, айтпағымызға оралайық. Бүгінде ауданды ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған «Октябрь топтық су құбыры» өндірістік мекемесі бар. Бөлімше 2005 жылы мамыр айында республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Арал» құрылысы салынып жатқан кәсіпорындардың  бірлескен дирекциясының филиалы болып ашылған. Негізгі міндеті – «Таза ауыз су» бағдарламасын орындау. 2019 жылдың қазан айынан бастап мекеме атауы «Нұра топтық су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалының «Октябрь топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесі болып өзгертілген. Әділет Қаршығаұлы басқарған мекемеде 93 қызметкер еңбек етеді. 4 елді мекенге және кент бойынша 4794 абонентке, 42 бюджеттік және 109 шаруашылық қызмет жүргізетін өзге мекемелерге ауыз су тарату қызметін көрсетеді.
– Ауданға ауыз су ІІІ Интернационал елді мекенінен тартылуда. Жолай Дүр Оңғар, Иіркөл және Төребай би ауылдары қамтылған. ІІІ Интернационал ауылында орналасқан 5 ұңғымадан су өндіріп, халыққа тұрақты түрде таратуда. 2017 жылы кентке 5000 текше метрлік су қоймасы мен насос стансасы салынса, үй-үйге су құбырын кіргізу құрылыс жұмыстары жүргізіліп, халық игілігіне толықтай пайдалануға берілді, – дейді мекеме басшысы.
Мұнда тұрғындарды тұрақты түрде таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында алдын ала жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырады. Ал апаттық жағдайлар орын алғанда дер кезінде қалпына келтіру жұмыстарына 10 дана техникасы сақадай сай тұр. «Жылына екі рет көктем және күз мезгілінде барлық су қоймаларына магис­тралды су құбырымен ішкі су жүйесіне жуу-шаю, залалсыздандыру кезінде тұрғындарға ескертеміз» дейді. Сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық сала­мат­тығын қам­тама­сыз етуде «Ұлттық сараптама орталығы» жыл сайын ауыз су сапасына өндірістік бақылау жүргізеді.
«Октябрь топтық су құбыры» мекемесі тұрғындарға ауыз суды үнемдеп қолдануды ескертеді. Себебі олар 40 шақырым жерден тартылатын таза судың оңай келмейтінін айтады.
– Бізге «үйіміздегі су дұрыс ақпайды, берілуі жай» деген сияқты шағымдар түсіп жатады. Қазір халыққа су беруде ешқандай мәселе жоқ. Тәулік бойы ауыз сумен қамтамасыз етіп отырмыз. Алайда кей тұрғындар таза суды аяқ су ретінде қолданады. Бақшаларын суарады. Бостан-босқа ағызып қоятындар бар. Оларға айтарымыз суды үнемдесе. Өйткені ауданда халық көбейіп келеді. Шеткі аймақтарға судың күші жетпей, жай барып жатады. Су қоймасын қанша толтырып отырғанмен ретсіз пайдаланудың әсерінен тез азайып қалады. Су тарту насостары тоқтаусыз жұмыс істегенмен ол да техника ғой, бұзылмасына кепілдік бере алмаймыз, – дейді Ә.Қаршығаұлы.
Суға қатысты статистикалық дерекке сүйенсек, адамға керек тұщы судың қоры қуантарлық емес. Арыдан қозғамай маңайды шарпысақ, бұрынғы Кеңестер Одағы құрамындағы елдермен салыстырғанда, еліміз тұщы су қоры тапшы мемлекетке жатқызылған.
Құран Кәрімде де: «Жеңдер, ішіңдер де ысырап етпеңдер. Жаратушы ысырап етушілерді сүймейді» деген. Дүниедегі әрбір нәрсенің, қандай да бір қордың шегі болатыны бар.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
22 мамыр 2021 ж. 725 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031