» » Дәрі тапшылығы сезілмей ме?

Дәрі тапшылығы сезілмей ме?

Жер жаһанды жайлаған вирустың екінші толқыны елімізге де келіп жетті. Біздегі денсаулық сақтау саласы жаңа толқынмен күресуге қауқарлы ма? Еліміздің кей аймағында жағдай мәз емес. Ал аудандағы ахуал қандай? Бірінші толқын кезіндегі қателіктер қайталанбай ма? Дәрі тапшылығы сезілмей ме екен? Міне, осы сұрақтардың жауабын білмекке дәріханаларға рейд жүргізген болатынбыз.
Алғашқы нысан №26 дәріханаға түсті. Мұнда дәрі тапшылығы байқалмайды. – Қазір аудандағы дәрі-дәрмекке сұраныс тұрақты. Дәрілік қор да жеткілікті. Жыл басындағы жағдай орын алмайды деген сенімдеміз. Қажетті дәрілер мен тиісті антибиотиктер бар. Азайған жағдайда тапсырыс беріп алдырамыз. Аптасына 2-3 рет дәрі үзілмей келіп отырады. Бетперде бағасы да арзандады. Алдағы уақытта тағы төмендейтін болады, – дейді дәріхананың провизор маманы Алма Исабекова. Мұнан соң Абай көшесінде орналасқан дәріханаға бардық. Дәріхана басшысы Жарқынай Кенебаева дәрілердің жеткілікті екенін айтады. – Елдегі төтенше жағдай кезінде тапсырыс берген дәрі-дәрмектер көлік қатынасына байланысты кешігіп жатты. Сонда Қарағандыға екі рет барып, дәрілерді уақытылы тұтынушыға жеткізіп отырдық. Ал қазір тапсырыс берген дәрілер 1-2 күннің ішінде келеді. Сол себепті алдыңғы толқындағы олқылықтар қайталанбайды деген үміттеміз, – дейді дәріхана басшысы. Рейд барысында кенттің арғы бетінде орналасқан "Перизат" дәріханасында жол түсті. Мұнда жағдай тұрақты. Ересектер мен балаларға арналған бетперделер, дәрі-дәрмек мен вирусқа қарсы препараттар қоры жеткілікті екеніне көз жеткіздік. "Сақтансаң – сақтаймын" дейді. Көпшілік орында бетперде тағып, аурудың алдын алуға бірге атсалысқанымыз абзал.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
07 қараша 2020 ж. 474 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 423
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 231

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930