» » Үстемақы алған дәрігерлер дән риза

Үстемақы алған дәрігерлер дән риза

Елімізде өз басын қатерге тігіп, ауру ошақтарында үй бетін көрмей адал еңбек етіп жатқан дәрігерлер мыңдап саналады. Олардың қоғам қауіпсіздігі үшін жасаған жанқиярлық еңбегін ақшамен ғана өлшеу жөн болмас. Дегенмен бұл қолдау ел ішін кесел кеулеп кетпеуі үшін жанталасқан жандарды ынталандырып,  жігерге жігер қосқандай.
Ауданда коронавирус індетімен 4 науқас тіркеліп, қазір жұқпалы аурулар бөлімінде тиісті ем-домын алуда.  Алғашқы науқас түскен күннен бері 15-тен аса маман үйіне  қайтпай, тынымсыз еңбек етуде. Денсаулық сақшыларының айтуынша олардың саулығы, алаңсыз жұмыс істеуі  үшін бар  жағдай жасалған. Өздері еңбек ететін аурухана басшылығы мен аудандық әкімдіктің ақ халаттыларға деген қолдауы сезіледі. Ешбірінің шағымы жоқ. Жатын орын мен ыстық тамақпен уақытылы қамтылған.
Қуантарлығы 4 науқастан кейін ауданда ауру жұқтырушы тіркелген жоқ. Десе де бәріне дайын болуымыз абзал. Кесел күрт көбейсе қайтпекпіз? Мамандар жеткілікті ме? Үстемақы алған дәрігерлердің әсерін білмек ниетте аудандық  аурухананың бас дәрігері Бақытжан Нысанбаевпен телефон арқылы тілдестік.
– Жаман айтпай жақсы жоқ. 3 сәуірден бері вирус жұқтырушы тіркелмеді деп арқаны кеңге салуға болмайды. Барынша сақтық шарасын жасаудамыз. Әуелгідей емес қазір халық та түсінген. Егер науқас көбейген жағдайда ең қажет тыныс алу аппараты да, дәрі-дәрмек те, медициналық қызметкерлеріміз де жеткілікті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық өңірінде коронавирус індетімен күрес жүргізіп жатқан медицина қызметкеріне мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетілуде. Осыған сәйкес,  біздің аудандағы мамандарға да алғашқы үстемақы төлене бастады. Төлем белгіленген 3 күрделілік  санат бойынша беріледі. Стационар, провизорлық және карантиндік бақылау орынында жұмыс істеп жатқан сала қызметкерлерінің нақты тізімі жасақталып, тиісті есептеулер жүргізілуде. Алғаш науқас тіркелген наурыз айының соңғы 3 күнінде еңбек еткен 2 дәрігер, 7 орта буын медицина қызметкері және 5 кіші буын қызметкеріне барлығы 2 029 667  теңгенің қосымша үстемақысы аударылды. Үстемақы алған мамандар Мемлекет басшысына алғысын білдіріп, еңбектерінің еленгеніне разы, – дейді ауданның бас дәрігері.
Сондай-ақ оның айтуынша, қазіргі таңда ем алып жатқан науқастардың жағдайы орташа. 2 науқастың 14 күндік емі аяқталып тұр. Қайталама  2  сынама алынады. Екі науқастың 1-ші сынамасы алынып, нәтижесін күтілуде. Егер 2 сынаманың екеуінің де нәтижесі жақсы болса, науқастар үй карантиніне ауыстырылады.
Ел басына қиындық түскенде халықтың денсаулығын сақтау, нығайту жолында аянбай адал еңбек  етіп жатқан  антына адал дәрігерлерге  шын көңілден риза боласың. «Жақсының – жақсылығын айт, нұры тасысын» деген даналықты  ескерсек, білімді, білікті, өз ісінің майталманы, елдің алғысын арқалаған абзал жандар біздің әрқайсысымыздың деніміздің сау болып, жарқын өмір сүруіміз үшін күресіп жатқаны – ел игілігі үшін атқарылған ерен еңбек.

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
18 сәуір 2020 ж. 2 158 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 059

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031