» » БІЗДІҢ ТӘРТІП САҚШЫ

БІЗДІҢ ТӘРТІП САҚШЫ


23 маусымда елімізде қос мейрам аталып өтіледі. Оның бірі –мемлекеттік қызметшілер күні болса, ал екіншісі – Отан үшін отқа да, суға да түсуге даяр, ел қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін өмірін қатерге тігіп жүрген батыл жандардың төл мерекесі. 
Қоғам алдында үлкен жауапкершілік арқалап, әрдайым қауіп-қатерге қарсы тұрған, күні-түні ел тыныштығын күзеткен тәртіп пен қауіпсіздіктің қорғаны, тұрақшылық пен бейбітшіліктің сақшысы – қазақ полициясы. Иә, полиция қызметінің қаншалықты күрделі һәм қауіпті екеніне мән бере бермейміз. Күнделікті өмірде адам жанын ажалдан арашалап, тосыннан келетін тілсіз жаудан сақтап қалған сақшылардың ерлігі – ерен. Міне, осындай өз қызметінде жасаған ерлік ісін, ерлік емес басты міндетіміз деп жүрген полиция қызметкерін бүгінгі күннің батырлары десек те болғандай.
Қалың жұртшылықпен тығыз байланыста жұмыс істейтін аталмыш мамандық иесін күнде көріп жүргенімізбен, оның қызметі туралы көп біле бермейміз. Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің тұсында қоғам тыныштығын күзетіп жүрген жас тәртіп сақшымен тілдесудің сәті түсті.
Еліне адал қызмет етуді мақсат тұтқан тәртіп сақшыларының қатарындаРуслан Тулепбергенов  те бар. Ол Алматы гуманитарлық техникалық университетінде заңгер мамандығы бойынша білім алған. 2017 жылдан бері Қармақшы аудандық полиция бөлімінің анықтау тобының анықтаушысы, полиция аға лейтенанты қызметін абыроймен атқарып келеді.  Ол – антына адал жас маманның бірі.
Полицейдің айтуынша, қызмет барысында түрлі жағдайлар кездеседі. Қылмыскердің барлығы бірдей емес,  оның да арасында әбден тіс қаққан, әккі, қулары  болады. Алайда, полиция олардан да ақылды, айлакер болуы шарт. Сол себепті тәртіп сақшысы заман ағымына сай өзін-өзі ұдайы жетілдіріп, дамытып отыруы тиіс.
– Қызмет бабында әртүрлі жағдай болады.  Бірақ қандай жағдай болған күнде де полиция қызметкері өзіне берік болуы, кез-келген істі салқынқандылықпен, байыппен қарауы қажет. Біздің қызметте эмоция деген болмайды, – дейді Руслан.  
Тәртіпті қатаң қадағалайтын полиция қызметкерлерінің тірлігі қашанда қарбаласқа толы. Асқан қырағылық пен табандылықты талап ететін бұл қызметтің жауапкершілік жүгін арқалау оңай емес. Елімізде болып жатқан түрлі қылмысты анықтауға үлес қосып келеді. Жас тәртіп сақшысы жүгі ауыр қызметте жүргенін мақтан тұтады.
  • Иә, халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау – иығыңа артылған үлкен жауапкершілік, сенім.  Әрине, жауапкершілік пен сенім бар жерде халық үдесінен шығып жұмыс істеу тиімді болады. Бұл менің бала күнгі арманым еді. Арманымның орандалып, ел қауіпсіздігі жолында еңбек етіп жүргеніме қуанамын әрі мақтан тұтамын. Әр жас буын елінің даму жолына өз үлесін қосу үшін жұмыс істейтініне сенемін, – дейді тәртіп сақшысы.
Елбасы Н.Назарбаев өз үндеуінде «Полиция қоғамның өзіне деген сенімін арттыратындай етіп жұмыс істеуі керек», – деген болатын. Тәртіп сақшыларының осы жолда тынбай еңбек етіп жүргеніне сенім мол.
 
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».



28 маусым 2019 ж. 1 921 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 097

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031