» » Ел тыныштығы ер мойнында

Ел тыныштығы ер мойнында



Халықтың тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қадағалаудағы бас­ты күш – құқық қорғау органдарында. Соның ішінде ішкі істер бөлімінің қырағы сақшыларының еңбегі елімізде жоғары бағаланады. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл салада шыңдалып, қоғамның әрбір мүшесі үшін өмірдің қаншалықты маңызға ие екенін жақсы білеміз.

Ел тыныштығы, тұрғындар қауіп­сіздігі, қылмыскерлерді құрықтау, заңсыз­дықты анықтау. Осының бәрі – тәртіп сақшыларының мойнын­да. Ауданда қылмыс­ты азайтып, жол-көлік оқиғаларын алдын-алуға, кө­шедегі келеңсіздіктер мен тәртіп бұзу­шылықты тізгіндеуде жол-патрульдік полицияның еңбегін атап өтпеске бол­мас. Осы ретте туындайтын ең бас­ты мәселе – қоғамдық тәртіп пен қау­іпсіздік.
Ал, оны қадағалайтын – тәртіп сақ­шылары. Солардың қатарында Мұ­рат Қорғанбекұлы да бар. Ол ішкі істер бөлімінде 2005 жылдан бері еңбек етіп келеді. Жемісті жұмыс істеп келе жатқан ол бүгінде ЖПҚБ ЖППт қыз­мет аға инспекторының міндетін ат­қарушы, полиция капитаны шенінде қыз­мет атқаруда. Жұмысына үлкен жауап­кершілікпен қа­райды.

Әр мамандық өзінше қызық. Дегенмен ішкі істер органы қызметінің жұ­­мысы жауапты әрі шыдамдылықты талап етеді. Қоғамдағы тәртіп пен ел ты­ныш­тығын қорғауды мақсат еткен тәртіп сақшыларының жұмысы қиы­нырақ.

– Біз әрқашан халық алдындағы жауап­­кершілікті сезініп, ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау жолында адал еңбек етуге міндеттіміз. Ішкі істер саласындағы қызмет етіп жатқан әрбір адам жұмысын жан-тәнімен сүйіп, құлшыныспен еңбек етуі керек. Осылайша біз қоғамға пайда келтіре аламыз, – дейді Мұрат Қорғанбекұлы.

Ел тыныштығын сақтау жолын­да қиын да қауіпті мамандықты мең­­герген, қоғамдық тәртіптің қы­ра­ғы сақшы өскелең ұрпаққа полиция қыз­меткері болу үшін қандай қа­ғидаларды ұстану керегін жақсы бі­леді. Жақсылыққа ақ пейілі алып ұшып тұратын Мұрат Қорғанбекұлы секілді ер азаматтарымыздың қатары осы салада көп болса, қоғамның да сақтығы бекем болады.
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».

06 мамыр 2019 ж. 2 041 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 101

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031