» » Билер кеңесінің міндеті қандай?

Билер кеңесінің міндеті қандай?

   ЖОСАЛЫ, 18 ақпан – qarmaqshy-tany.kz Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Жақып Қажманұлы «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасы негізінде ауданымызда 2019 жылы Билер кеңесі құрылып, жұмысын бастап кетті.
    «Билер кеңесінің» негізгі мақсаты, халық арасындағы дауларды сотқа жеткізбей-ақ дәстүрлі түрде шешіп, тараптарды татуластыруды көздейді. Бұл жасалып жатырған жұмыстар қарапайым халық үшін де, сот органдары үшін де тиімді, жалпы ел ішіндегі дауласушылық деңгейін азайтуға ықпал етеді. «Даулар кез-келген қоғамда бар. Бірақ олардың барлығын сотта шешу мүмкін емес. Сот екі жақты бірдей қанағаттандыра алмайды. Ең тиімді жол – дауды сотсыз шешетін институттарды дамыту». Біздің қоғамда адамдардың бір-біріне мейіріммен қарауы сонау қазақ халқының әдет-ғұрпынан бастау алады. Қазақ қоғамының көзқарасына сай сот билігінің түпкі мақсаты – дауласушы жақтарды табыстыру, татуластыру болған. «Дау мұраты – біту» деген сөз содан қалса керек.
     Қазіргі таңда, елімізде дауласушылар да, соттасушылар да көп деп тұтас халыққа мін таға алмаймыз, кінәлауға да болмайды. Бірақ сол сотқа жүгінушілердің кемшілігін айтпау мүмкін емес. Ал кемшілік неде? Біріншіден – кемшілік сол, ешуақытта кешірімді бола алмау. Екіншіден – қашан да тек менікі ғана жөн деуден танбау. Ата-бабамыз кешірімді бола білген. Ал қазіргі дауласқандар есік алдындағы көршісіне, тіпті өзінің ағайынына қарата қолданады мұны. Бұл қасиет қазақ халқына тән емес еді. Үшіншіден – біреудің қасіретінен жеке басына пайда табу халқымыздың санасына ұялағандай. Яғни, бұл тәнімізге қасірет болып сіңіп бара жатқан дерттен тез арада арылуымыз қажет.
    Бұл аталған жәйттер тізбесі бұдан көбірек болуы ықтимал. Дегенмен де, дауларды сотқа дейінгі реттеу ұлттық құқықтық мәдениеттің ерекшелігі болып табылатыны бәрімізге мәлім.
Сонымен қатар, сот арқылы, сотқа дейін татуласудан басқа тағы да бір маңызды мәселе: көнеден қалған ғұрпымыз – ақсақалдардың татуластыру билігі. Осыны қазіргі кезде, заманына сай заңмен реттей, болашақта сотқа дейінгі татуласу процестеріне немесе жеңіл-желпі ағайын-туған арасында болып жататын кикілжіңдерге байланысты қолданса болар еді. Ол біздің менталитетімізге қайшы емес. Біз қазіргі таңда басқа өркениетті елдердің сот дауларын шешудің әдістерін қолданып жатқанда неге өзіміздің ұлттық әдісімізді қолданбасқа? Бүгінде дауларды шешудің балама әдістерін халқымызға кеңінен насихаттауда және осы мақсатқа жету жолында аға буын өкілдерінің бірден-бір ақыл-кеңестері өте құнды болмақ. Татуласудың балама әдістерін қолданғанда халқымыз қандай оң нәтижеге қол жеткізеді? Біріншіден, дау-дамай сотсыз жылдам шешіледі. Екіншіден, уақыт пен қаржы шығыны үнемделеді. Үшіншіден, соттардың жүктемесі төмендейді. Төртін¬шіден, осының нәтижесінде қоғамда азаматтар мен заңды тұлғалар арақатынасында ауызбірлік қалыптасады. Бесіншіден, негізгі нәтиже: әрбір адамның санасында азаматтардың құқықтарын сыйлау мен құрметтеу ұғымы қалыптасады.
    Бұл жөнінде Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов: «Татуласудың басты артықшылығы – ол тек дауды реттеп қана қоймай, сонымен бірге қарым-қатынасты сақтап, қалпына келтіреді. Тараптар өз еркімен, саналы түрде ор¬тақ келісімге келеді. Екі жақ та қаласа, сот татуласу проце¬сін бастау үшін істің қаралуын кез-келген сатыда тоқтата алады. Татуласу – дауды шешудің ең тиімді әдісі», – деп көрсетеді.
    Яғни барлық жұмыс қара қылды қақ жарған билеріміздің дара жолын ұстана отырып, ел арасындағы, азаматтар арасындағы өзара тыныштық пен берекені сақтауға бағдарлануы тиіс. Себебі, бұл жол – қоғамдағы құндылықтарымыздың жолы.
Қазіргі уақытта ауданымыз бойынша соттар мен үкіметтік ұйымдарда татуласу кабинеттері жұмыс атқаруда. Солардың арқасында қазіргі уақытта қаралған істердің саны мәні біршама азайды. Бұл да жүзеге асырылып жатқан игі шараның тиімділігін айқындап отыр.
    Билер кеңесінің мүшелері:
1.Төрағасы Есдаулетов Қаршыға – Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
2.Раева КүлжауҺар Төлегенқызы – Қармақшы аудандық қоғамдық кеңесінің төрайымы
3.Жалғасбаева Дәмелі Қожақметқызы – Қармақшы аудандық білім саласының ардагері. Қармақшы ауданының құрметті азаматы.
4.Умиртаев Умирбек Умиртаевич – Қармақшы аудандық кәсіпқой емес медиаторы
5.Өтегенов Мақсұтбек – Қармақшы ауданының құрметті азаматы, зейнеткер.


18 ақпан 2020 ж. 912 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 094

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031