» » Төл әліпбиіміздің тұсауы кесілді

Төл әліпбиіміздің тұсауы кесілді

 Елбасымыздың өткен жылғы сәуір айында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы қазіргі қолданылып жүрген кириллицаны латын алфавитіне ауыстыру туралы нақты тұжырымдарынан туындағын жаңа әліпбидің екі нұсқасы ұлтжанды азаматтарымыздың белсене араласуымен баспасөз беттерінде көптеген келелі ойлардың тууына негіз болып еді.
Кириллицадағы 42 әріппен белгіленген дыбыстық жүйемізді латын алфавиті нұсқасы бойынша 32 әріпке сыйғызу, оның үстіне басқа тілдерде кездеспейтін «ә», «ө», «ұ,ү», «ы», «қ,ғ», «ң» сияқты дыбыстарды белгілеу мәселелері бойынша бірсыпыра келіспеушіліктер де туындаған болатын. «Ае», «ао» әріптерін біріктіріп, «ә», «ө» әріптерін шығару, яғни диграфтарды қолдану, немесе әріптің үстіңгі жанына «,» үтір белгісін қойып опостограф арқылы белгілеу жөніндегі ұсыныстар да біраз талқыға түсті. Соңғы нұсқаның біршама ықшамдығы болғанымен көпшіліктің көкейіне қона қоймаған тұстары аз болмады.
- Біз 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын альфавитін қолданып келдік қой, неге сол нұсқаны қалпынша қолданысқа енгізе салмаймыз - деген сияқты уақыт қойып отырған талаптың байыбына бармай, ат үсті айтыла салған пікірлер де бас қылтитып қалды.
Алайда жан-жақты ізденістер нәтижесінде Елбасымыз алға қойған талаптарға сәйкес жаңа заман талаптарына лайық, қазіргі заманғы компьютерлік технология жетістіктеріне жауап бере алатын «Цифрлы Қазақстанның» өз әліпбиі туатынына шүбәміз жоқ еді.
Жаңа нұсқадағы бұрынғы диграфтар мен опостографтардан бас тартып акут, яғни үстіне кішкене сызықшалар қою арқалы белгіленген әріптердің қолданылуы жаңа әліпбиімізді жасаушылардың жан-жақты ізденгенін көрсетеді. Лингвист ғалымдар мен ІТ технология мамандарының пікірлері бір жерге тоғысып, жаңа инновацияларға жол ашатын жаңа әліпби жасалды деуге толық негіз қаланған сияқты.
Қысқасы, «Ә», «Ө», «Ғ». «Ү», «У» әріптерін акутпен белгілеу, сол сияқты «Ш», «Ч» әріптерін диграфпен белгілеу арқылы қазақ әліпбиінің ең төте, ең ұтымды нұсқасы дүниеге келген.
Елбасымыздың латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы туралы Жарлыққа қол қоюы басты құндылығымыз болып саналатын Тәуелсіздігіміздің тұғырын одан әрі нығайтып, еліміздің мерейін үстем ететін игі қадамдардың бірі болғаны даусыз.
Шегебай Құндақбаев


22 ақпан 2018 ж. 2 166 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 029

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031