» » Абзал ақынның асыл мұрасы

Абзал ақынның асыл мұрасы

Абайдың аты ең дана ұстазға айналып, халқымыздың мәртебе-мерейі биікке көтерілумен келді. Қадір-қасиеті өз аумағымызбен ғана шектеліп қалмай, іргелес халықтар мен елдерге де кеңінен танымал болды. Барша әлемге аты қадірлі, сөзі өтімді, пікірі қымбат, адамзат ардағы, ақыны, ақылманы болған Абай атамыздың болғанына шүкір етеміз. Көреген көсем тұлғаларды әрдайым судай аңсаған, әрдайым халқы төбесіне көтере құрметтеген. Ақыл табылмай тұрып, ештеңе табылмайды деп бекер айтылмаған. Ақыл жетілмей тұрып ар-намыс шыңдалмайды. Абайдың рухани әлемі шынайы адамилық, парасат-пайымы терең, шыншылдыққа толы. Барша ұғымның шын мәнін ашып беретін бірден –бір өлшем - еңбекке көзқарас деп санайды.


Қазақ: «Өнер алды - бірлік, ырыс алды - тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады - білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік - ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады! Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе құдайдан тілемейді, шаруа іздемейді. Әуелі біріне-бірі пәле іздейді. Не түсін, не ажарын, не өкпесін бұлдап, ол болмаса, бір пәле салып, қорғалатып, әйтеуір бірін-бірі алдаудың амалын іздеседі. Мұның қай жерінен бірлік шықты?
«Ырыс алды - тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам өлімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады. Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады. Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың. Кеселді жалқау, қылжақбас, Әзір тамақ, әзір ас, Сыртың - пысық, ішің - нас, Артын ойлап ұялмас, - болып жүріп, тірімін деме, онан да алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық.
Абайдың жүйелі ойларының үлкен бір арнасы жастарға деген бағыт. Нәр алған қайнарлардың бірі – ауыз әдебиеті деген Абай өлеңді эстетикалық мәнде ғана емес, «көкірегі сезімді, тілі орамды, ұмтылысы зор, қанатты» жастарға да арнап үлгі еткен.
Болашақ ұрпаққа кемелдену, жетілу – адам өмірінің мақсаты екенін айтады Абай. Жетілу дегеніміз не? Түрлі жетілулер бар. Мысалы, спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол – рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп көрсетеді. Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай. Өлеңдері мен қара сөзбен жазылған ғибраттарында қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтарын ашып көрсетті.
Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы.
Міне, болашақ ұрпағымыз жазба әдебиетінің ұлы тұлғасы Абайдың өмірін, халыққа қалдырған еңбегімен танысуға біздің қала музейіне де келді. Оқушылардың ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту мақсатында біздің де музей қызметкерлері жұмыс жасауда. Сонымен қатар, Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, шығармашылығымен танысу мақсатында Қала тарихи музейінің экспозициясының төрінен Абай атамызға арналған бұрыш қойылды.
Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

 Алтын Садірқызы
қалалық музей қызметкері,
экскурсовод
04 ақпан 2020 ж. 572 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031