Жұмыссыздық: Тығырықтан шығар жол бар ма?
ЖОСАЛЫ, 30 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz Әлеуметтік салаға келсек жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрайды. 2020 жылдың 1 қаңтарына 1 524 адам (Қармақшы- 991 адам, Байқоңыр- 533 адам) тұрақты және уақытша жұмысқа орналастырылған.

2019 жылы аудан бойынша 916 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 1551 жаңа жұмыс орындары ашылды немесе жылдық жоспар 169,3 пайызға орындалды, оның ішінде тұрақтысы - 916.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бағыттары бойынша атап өтетін болсақ:
Бағдарламаның І бағыты қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша 260 адамды (Байқоңыр қаласы бойынша-160) оқумен қамту межеленіп, Қармақшы ауданында 285 жұмыссыз азаматты 9 мамандық бойынша оқуға жолданды. (Байқоңыр қаласы – 6 мамандық бойынша – 194 азамат оқуға жолданды).
Оқуға жолданған 285 азаматтың 28 азамат өз еркімен оқудан шығып кеткен, 257 азамат оқуын аяқтап (Қармақшы- 84 адам, Байқоңыр- 173 адам), 75 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды (Қармақшы- 59 адам, Байқоңыр- 16 адам), 66 азамат жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алды (Байқоңыр- 66 адам).
Бағдарламаның ІІ бағыты бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілген мемлекеттік гранттар бойынша жоспар 225 адам. Оның ішінде: 100 айлық есептік көрсеткіштер бойынша жоспар 60 адам, 200 айлық есептік көрсеткіштер бойынша 165 адам.
2019 жылы нақты 327 адам грант алды
(100 АЕК - 60 адам, 200 АЕК - 267 адам).
Қармақшы ауданы бойынша 149 адам грант алды (100 АЕК - 30 адам, 200 АЕК - 119 адам).
Байқоңыр қаласы бойынша 178 адам грант алды (100 АЕК - 30 адам, 200 АЕК - 148 адам).
«Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері курсына 368 азамат оқуға жолданды (Қармақшы- 218 адам, Байқоңыр -150 адам). Жолданған 368 азаматтың 350 азамат оқуды аяқтаса 18 азамат оқудан шығарылды. Оқуды аяқтағандардың 23 шағын несие алды (Қармақшы- 15 адам, Байқоңыр- 8 адам), 222 азамат жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алды (Қармақшы- 134 адам, Байқоңыр- 88 адам).
2019 жылы шағын несие алу жоспары - 96 адам. Оның 118 адамы 424,4 млн.теңге көлемінде несие алды. Қорытындысында 118 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Бағдарламаның ІІІ бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына барлығы республикалық және жергілікті бюджеттен 21,9 млн теңге бөлініп, қаралған қаржыға 174 азамат жұмысқа жолданды (Қармақшы – 80 адам, Байқоңыр - 94 адам). Тұрақты жұмысқа 103 адам орналасты (Қармақшы – 72 адам, Байқоңыр - 31 адам, оның ішінде 29 адам Ресей Федерациясына қарасты мекемелерге орналасқан).
Жастар тәжірибесіне 2019 жылғы жоспар бойынша 201 жас маманға барлығы 83,7 млн теңге қаржы бөлініп, 2019 жылы 344 жас маман (Қармақшы – 157 адам, Байқоңыр - 187 адам) 122 мекемеге жолданды. 72 жас маман тұрақты жұмысқа орналасты (Қармақшы – 51 адам, Байқоңыр - 21 адам).
Ақылы қоғамдық жұмысқа жоспар бойынша 600 азаматқа 152,2 млн теңге қаралып, 868 адам жолданды (Қармақшы – 508 адам, Байқоңыр - 360 адам). 167 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды (Қармақшы – 157 адам, Байқоңыр - 10 адам).