» » Әлеуметтік сала

Әлеуметтік сала

Облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес Қармақшы ауданында экономикалық белсенді халық саны – 25,1 мың адам, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны -23,8 мың адам болса, оның жалдамалы қызметкерлері-9,5 мың адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандары-14,4 мың адам, жұмыссыз халық саны-1,3 мың адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 5,1% құрады. Жастар жұмыссыздық деңгейі - 4,8%, әйелдердің жұмыссыздық деңгейі - 5,6%.
2018 жылдың 7 айында жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан 3712 жұмыссыз адам /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ тіркеуге алынды. 2018 жылдың 1 тамызына аудан бойынша есепте тұрған жұмыссыз азаматтардың саны /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ – 964 адам, тіркелген жұмыссыздық үлесі 3,8 пайызды құрайды.
2018 жылдың 7 айында 1090 адам тұрақты және уақытша жұмысқа, оның ішінде тұрақты жұмысқа 748 адам орналастырылды (оның ішінде: мүгедек - 22 адам, жазасын өтеп келгендермен пробация есебінде тіркеуде тұрған азаматтар - 2, 16-29 жасқа дейінгі жастар – 244 адам /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/).
Ауданда 6 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді. Жұмыс берушілердің саны -38, бос жұмыс орындар саны – 42.
2018 жылы аудан бойынша 775 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, ағымдағы жылдың 7 айында 614 жаңа жұмыс орындары ашылды, немесе жоспар 79,2 пайызға орындалды.
04 қыркүйек 2018 ж. 2 861 1

JeaCold от 25 ақпан 2019 10:01
Vardenafil cialis from canada Cialis Serios Bestellen

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (10413)

20 маусым 2025 ж.

№44 (10412)

17 маусым 2025 ж.

№43 (10411)

14 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 958
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30