Халықты жұмыспен қамту
Халықты жұмыспен қамту: Облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес Қармақшы ауданында экономикалық белсенді халық саны – 24,8 мың адам, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны – 23,5 мың адам болса, оның жалдамалы қызметкерлері – 13,3 мың адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 10,2 мың адам, жұмыссыз халық саны – 1,3 мың адам. Соңғы 3 жылда жұмыссыздық деңгейі 2016 жылы – 5,2 пайыз, 2017 жылы – 5,1 пайыз, 2018 жылдың қорытындысымен 5 пайызды құрайды деп жоспарлап отырмыз. 2018 жылы 2895 адам тұрақты және уақытша жұмысқа орналастырылды. (оның ішінде: жұмысқа жарамды мүгедек – 41 адам, жазасын өтеп келгендермен пробация есебінде тіркеуде тұрған азаматтар – 13, 16-29 жасқа дейінгі жастар – 630 адам /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/). Ауданда 12 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді. 2018 жылы аудан бойынша 775 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, ағымдағы жылдың 11 айында 889 жаңа жұмыс орындары ашылды немесе жоспар 114,7 пайызға орындалды. (Тұрақтысы – 878)
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына» қатысуға жыл басынан жалпы саны 5407 адам хабарласты. Бағдарламаның І бағыты бойынша 2018 жылға қайта даярлау курсына 100 адам оқуға жолданды. (қаржысы 33,7 млн. теңге) Бағдарламаның ІІ бағыты бойынша 233 жұмыссыз азамат кәсіпкерлік негіздерін оқытудың «Бастау Бизнес» курстарынан өтіп, 156 жоба 435,5 млн.теңгеге қаржыландырылып, 166 жұмыс орны ашылды. Бағдарламаның ІІІ бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына республикалық және жергілікті бюджеттен 2018 жылға 22 млн. 876 мың теңге бөлініп, 34 кәсіпкерлік субьектілеріне 167 адам жұмысқа жолданып, 105 адам тұрақты жұмысқа орналасты. «Жастар тәжірибесіне» 309 жас маман 90 мекемеге жолданып, оның 68-і тұрақты жұмысқа орналасты. 2018 жылға ақылы қоғамдық жұмысқа аудандық бюджеттен 52,4 млн. теңге қаралып, 532 жұмыссыз азамат жіберілді. Жіберілген азаматтардың барлығы жұмысын аяқтап, 22 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.
Пікір 1