» » ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ТІНІ ТАРҚАЙДЫ

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ТІНІ ТАРҚАЙДЫ

Өткен сейсенбіде аудан әкімдігінде Сұлтан Мақашовтың төрағалығымен аудан әкімінің тұрақты кеңес отырысы өтті.  Онда «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасының» аудан көлемінде жүзеге  асырылу барысы және бейресми жұмыспен қамтылған азаматтарды өзектендіру жұмысы сөз болды. Мәселе төңірегінде аудандық жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы З.Метерова хабарлама жасады.
«Жұмыспен қамтудың кешенді жоспары» бойынша 2019 жылы 2809 адамды жұмыспен қамту межеленген. Бүгінгі күнге нақты орындалғаны 1132 адам немесе жылдық жоспардың 40,3 процентін құрайды. 2019 жылы аудан бойынша 780 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланса, ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін 463 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылған. Аудан бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарына 21 262 азаматтың мәртебесін анықтау қажет болатын. Үстіміздегі жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша 16486 азамат  өзектендіріліп немесе мәртебесін анықтау қажет азаматтың 77,5 процентін құрады. 2019 жылғы жоспар бойынша 288 адамды Бірыңғай жиынтық төлем төлету арқылы өзектендіру қажет болса, бүгінде 91 адамға ғана  Бірыңғай жиынтық төлем төленген. 2019 жылдың 1 маусымына жұмыс іздеуші ретінде  2036 жұмыссыз адам хабарласып, тіркеуге  алынды. 2019 жылдың 1 маусымында аудан бойынша есепте тұрған жұмыссыз азаматтың саны – 707 адам.
Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында жыл басынан 5 рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Сонымен қатар «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті  дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған   мемлекеттік бағдарламасының» 3 бағыты бойынша жұмыстар атқарылуда.
Бағдарламаның І бағыты қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша 160 адамды қамту межеленген. Қармақшы ауданы бойынша 80 жұмыссыз азаматты екі мамандық, «Бу қазандығының операторы» – 60 адам, «электрогазбен дәнекерлеуші» 20 адамды шілде айында оқыту жоспарлануда.
Бағдарламаның ІІ бағытының «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 110 адамға кәсіпкерлік негіздерін оқыту межеленсе, І және ІІ кезеңі бойынша 81 адам оқу курстарымен қамтылып, ІІІ кезеңі бойынша 41 адам оқуда.
Ақылы қоғамдық жұмысқа жолданған 406 адамның143-і жұмысын аяқтап, 5-еуі тұрақты жұмыспен қамтылған.
Ағымдағы жылдың 27 ақпанында Елбасының «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVІІІ съезінде берген тапсырмасына сәйкес, аз қамтылған отбасыны, көпбалалы ананы және толық емес отбасыны қолдау мақсатында атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалу тәртібіне өзгерістер енгізіліп, 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап кедейлік шегі 50 проценттен 70 процентке көтерілді және қазіргі таңда әр балаға 20789 теңге көлемінде жәрдемақы тағайындау жүргізілуде.
Бүгінде аудан бойынша 2442 отбасының 12270 мүшесіне 726,6 млн. теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген отбасының әлеуметтік жағдайын арнайы комиссия зерттейді.
Тұрақты кеңес отырысында учаскелік комиссия мүшелерін қайта жасақтап, зерделеу жұмысын толық жүргізу қажеттігі баса айтылды. Аудан әкімі мәселе төңірегінде тиісті сала мамандарына тапсырма берді.
«Қт» ақпарат
10 шілде 2019 ж. 958 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031