» » Бірыңғай қабылдау күні

Бірыңғай қабылдау күні

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2018-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша азаматтарды Бірыңғай қабылдау күні» Республикалық акциясы өткізілді
«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2018-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша азаматтарды Бірыңғай қабылдау күні» Республикалық акциясы болып өтті.
Акцияның мақсаты «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2018 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыруды қамтамасыз етуші мемлекеттік органдарға халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын түсіндіріп, оған жастарды, жұмыссыздар мен аз қамтылған, өздігінен жұмыс істейтін тұлғаларды тарту жөніндегі бірлестіктер жұмыстарын ұйымдастыру үшін пікір алмасу алаңын ұсыну. Акцияға «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Буханов Дастан Әбдібекұлы, аграрлы-техникалық колледжінің директоры Айекенов Исламбек Сәдібекұлы, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Метерова Зере Қорғанбекқызы, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Ахметов Данияр Ертайұлы, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы Құндақбаев Бостан Шегебайұлы, аудандық Әділет басқармасының басшысы Асанова Назерке Нәбиқызы, аграрлы-техникалық колледжінің оқытушылары және студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.
Акция барысында бағдарламаның негізгі бағыттары түсіндірілді. Сонымен қатар, акция қатысушыларына бағдарламаның іске асырылуы кеңінен ақпараттандырылды.


15 наурыз 2019 ж. 1 021 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 883

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930