» » БАЙҚОҢЫР ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ МАМАНДАРЫ МЕДИАЦИЯ ТУРАЛЫ ДӘРІС ЖҮРГІЗДІ

БАЙҚОҢЫР ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ МАМАНДАРЫ МЕДИАЦИЯ ТУРАЛЫ ДӘРІС ЖҮРГІЗДІ

ЖОСАЛЫ, 24 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz 24 қаңтар күні «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» білім беру мекемесі білім алушыларының құқықтық сауаттылығын жетілдіру мақсатында Байқоңыр қалалық сотымен 2 жақты келісілген Өзара Ынтымақтастық жөніндегі Меморандум негізінде «Қазақстан Республикасының Медиация туралы Заңы» тақырыбында дәріс болып өтті.
Дәрісті Байқоңыр қалалық сотының судьясы Изтелеуова Асыл Алпысбаевна өткізіп, білім алушыларға «Медиация» термині латынның «mediare», делдалдық ету деген сөзінен шыққанын, үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі екенін айта келе Медиация – негізінен азаматтық, оның ішінде білім, денсаулық саласында, еңбекке қатысты, отбасылық және басқадай құқықтық қатынастарға байланысты, сондай-ақ ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған дауларда қолданылалатынын түсіндірді. Жүргізудің қағидаттарының қатарында еріктілік; құпиялық; өзара сыйласушылық;тараптардың тең құқылығы; медиатордың бейтараптығы мен әділдігі; рәсімнің ашықтығы бар. Басты мақсаты қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді әрі өзара қолайлы, бейбіт келісімге келу. Сот өндірісінен айырмашылығы кінәлілер мен кінәсіздер ұғымы туындамайды. Заң бұзған адамды бас бостандығынан айыру жолымен жазалауды емес, адам құқықтары мен бостандығын қорғауды және қалпына келтіруді көздейді. Яғни мүмкіндігіне қарай істі сотқа жеткізбеуге мүдделі. Оңтайлы тұсы – қаржылық жағынан соттық шығынға қарағанда төмендігінде және уақыттың үнемділігінде.
Байқоңыр қалалық сотының маманы Алтыруова Малика білім алушыларды заңға қатысты мәселе туындап, сұрақтары болса қалалық сотқа келулеріңізге болады деді.
Директордың тәрбие ісі орынбасары Н.К.Алимбаева жас ұрпаққа қандай да бір кикілжің болған жағдайда оны мәдениетті реттеу жолын және олардың өздері шешуге баулу үшін бәсекелі біліммен қатар тағылымды ұлттық тәрбие беруді дарыту арқылы адами құндылықтарды сіңірудің маңыздылығын айта келе колледж білім алушыларына дәріс өткізген Байқоңыр қалалық сотының қызметкерлеріне алғысын білдірді.
24 қаңтар 2020 ж. 747 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 017

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031