» » Медиация – қоғамдық қатынастарды реттейді

Медиация – қоғамдық қатынастарды реттейді

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы 2011-жылы 28- қаңтарда қабылданып, бүгінгі күні елімізде жүзеге асырылуда. «Медиация туралы» Заңы Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін реттейді.


Осы Заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайды.
«Медиация» сөзі латын тілінен аударғанда делдал, екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға деген мағынаны білдіреді. Медияция тәсілі сот ісіндегі тазалықты, әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден-бір жолы, яғни екі тарапты қанағаттандыру негізінде жүргізілетін келіссөз рәсімі. Демек, медиатор дегеніміз - өзара жанжалдасушы немесе дауласушы тараптардың арасында орын алған даулы мәселелерді олардың өздерін қатыстыра отырып, тараптарға тиімді жағ¬дайда шешуді жүзеге асыратын маман.
Медиатор – «медиация туралы» Заңның талаптарына сәйкес кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға.
Елімізде қолданысқа енген Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы жаңа терминология болғанымен Қазақстанның құқық саласы үшін бейтаныс дүние емес.
Халық арасында «медиация» ұғымының не екенін, оның не үшін қажеттігін және медиация көмегіне қалай жүгінуге болатындығын білмейтіндер көп.
Медиация - үшінші бейтарап көзқарасты ұстанатын тараптың, яғни медиатордың қатысуымен дау-жанжалдарды шешудің тиімді тәсілі. Ол екі жақтың еріктілік, құпиялық, тең кұқылығын сақтай отырып, тараптардың өзара тиімді бітімге келуіне жол ашады. Аталмыш Заң жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын дауларды шешуге қолданылады.
Азаматтық істерді қарау аясында некені жалғастыруға, ата-ана құқықтарын жүзеге асыруға, балалардың тұрғылықты жерін белгілеуге, ата-аналарының балаларды бағып-күтуге салымына қатысты ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушіліктер, сондай-ақ отбасылық қатынастардан туындайтын басқа да келіспеушіліктер медиация арқылы шешіледі.
Баламалы түрде өзара туындаған дауларды шешу тәжірибесінің негізіне, жеке адамға деген құрмет және әр адамның құқығын мойындау, олардың өз мүдделерін қорғап қалу сынды мәселелер кіреді.
Медиация, тараптардың арасында туындаған дауларды реттеп, оларды өзара келісім арқылы бітімгершілікке шақыратын, тараптардың тілектері мен мүдделерін ескеретін және бірігіп ізденудің арқасында ортақ шешімге келетін тиімді тәсілдердің бірі болып табылады.
Негізінен айтқанда бұл заң қазақ халқының дәстүрлі билер мен ата бабалар тағылымын, әдет-ғұрып тәжірибесін қалпына келтіруге жасалған игі қадамның бірі, оның тиімділігі мол деп есептесек қателеспейміз.

Қармақшы аудандық сотының судьясы
Е.Кутыбаев
30 қазан 2019 ж. 1 602 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 477

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 549

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031